Атырау, 11 желтоқсан 05:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Іздеп тауып, айыптау орындығына отырғызды

1 709 просмотра

Атырау қалалық №2 сотында қаңтардағы митингке қатысушыға қатысты кезекті сот отырысы басталды. Айыптау орындығында бес баланың әкесі отыр.

Ол Индер ауданы, Өрлік ауылының тұрғыны, балалары 15, 13, 9, 3 жаста, кішісі 5 айлық. ҚР ҚК-нің 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу) және 380-бабы (Билік өкіліне күш қолдану) бойынша айыпталуда.

Іс бойынша сотталушы соғып жіберген полиция қызметкері өтіп жатыр. Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, дәлелдемелік негізбен келісіп, адвокат процессуалдық келісім жасау туралы өтініш берді. Прокурор Абаддан МАМЫРОВ қарсылық білдірмеді. Судья Зәуре ҚАЗАҚБАЙ келесі сот отырысын 16 қарашаға белгіледі.

Айта кетерлігі, бұл іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан істерден бөлек. Өйткені, күдікті іздеуде болған.

Фархат АБИЛОВ

Суретті түсірген автор

2 қараша 2022, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.