Атырау, 11 желтоқсан 05:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Қаңтардағы митинг бойынша сот: бөтелкедегі су және қарауылдың «бітбеткейлігі»

1 651 просмотра

Бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаңтардағы митингіге қатысушылардың ісі бойынша алдын ала сот отырысында қарауыл сотталушыларға су ішуге тыйым салды. Бұл күшті реакция тудырды. 

Сот отырысы басталмай тұрып, тергеу изоляторынан әкелінген сотталушылардың бірі біреу әкелген жарты литрлік пластик бөтелкеден су ішпек болғанымен, қарауыл оған тыйым сады.

- Оған тіпті су ішуге болмай ма? – деп сұрады «Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы» ҚБ Атырау филиалы директорының м.а. Дария ОЛЖАҒАЛИЕВА. 

- Жоқ, болмайды, - деп жауап берді қарауыл қызметкері. Сот қызметкері рұқсат беруге болатынын, ыдыс пластик болғандықтан, бөтелкеде су бар екені, тыйым салынған заттар жоқ екені көрініп тұрғанын айтты. 

– Адамгершілік қайда! Аясаңызшы! - деді басқа айыпталушылар. Бірақ қарауыл бөтелкені алып, олардың кабинасынан алыс жерге қойды. Неліктен оның бұлай істеп жатқанын түсіндіруді сұрады, бірақ жауап болмады.

- Сенің де басыңа келер! Адамға су бермеудің қандай екенін сонда білерсің, – деді сотталушылардың бірі.

Отырыстан кейін «АЖ» тілшісі судья Зарема ХАМИДУЛЛИНАДАН сотталушыларға сот залында шөлін басуға тыйым салынған ба деп сұрады. 

- Сот отырысы кезінде сотталушылардың қауіпсіздігіне қарауыл қызметкерлері жауапты. Сот отырысына дейін және процесс кезінде қатысушыларға, оның ішінде сотталушыларға су ішуе тыйым салынбайды. Ең бастысы, қарауылдар оның жай ғана су екеніне көз жеткізуі керек, өйткені оны басқа адамдар әкелді, - деп жауап берді судья. 

Фархат АБИЛОВ 

Суретті түсірген автор 

6 қыркүйек 2022, 00:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.