Атырау, 11 желтоқсан 05:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

«Ол жаққа енді аттап баспаймын»: сот қаңтардағы митингке екі қатысушыны тергеу изоляторынан босатты

1 834 просмотра

Бүгін, 5 қыркүйекте Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырауда қаңтардағы митингке қатысушыларға қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталды. Тергеу изоляторында отырған бес айыпталушының екеуі үйқамаққа шығарылды. 

Судья Зарема ХАМИДУЛЛИНА адвокаттардың өтінішін қарап, қылмыстық істі прокуратураға қайтаруға негіз жоқ - басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін елеулі бұзушылықтар жоқ деп қаулы етті. Сот адвокаттардың сотталушыларға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтінішін де қабылдамай, бұл өтініштің ерте берілгенін түсіндірді.

Адвокаттардың істерді бір-бірінен бөлек қарау, сондай-ақ «алдын ала келісім бойынша» деген қылмыстық саралауды алып тастау туралы өтініші бойынша - судья Хамидуллина бұл мән-жайлар істің қаралу қорытындысы бойынша бағаланатынын түсіндірді.

- Алдын ала сот тыңдауында сотталушылардың кінәсі немесе кінәсіздігі туралы мәселе қаралмайды, өйткені дәлелдер басты сот талқылауында зерттеледі. Сот барлық дәлелдемені зерттеп, істі қарау нәтижесі бойынша шешім шығарады, - деді Зарема Хамидуллина. Ол екі айыпталушыны СИЗО-дан үйқамаққа шығару шешімін де түсіндірді:

- Олардың тұрақты тұрғылықты жері, отбасы, балалары, асырауында қарт ата-анасы бар және олар процестің барысына кедергі келтіруі немесе соттан жалтаруы мүмкін деуге негіз жоқ.

Отырыстан кейін олар қалған сотталушылармен амандасты.

– Балам, заттарыңды алу үшін тергеу изоляторына барасың ба? — деп сұрады анасы ұлынан.

– Жоқ, мама, бәрін өзіміздің жігіттерге қалдырдым. Ол жаққа енді аттап баспаймын, - деп жауап берді ол.

Айыпталушыларды қолдауға жергілікті қоғам белсенділері келді, олардың арасында Макс БОҚАЕВ та бар.

- Жігіттер, жасымаңдар! Біз сендермен біргеміз! Бәрі жақсы болады, - деді ол.

Негізгі сот отырысы 19 қыркүйекте басталады.

Фархат АБИЛОВ

Суреттерді түсірген автор

5 қыркүйек 2022, 20:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.