Атырау, 29 желтоқсан 20:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Тутұғырдың сыртындағы саябақ «Тұңғыш Президент» есімімен аталмайды және сәл арзанға шығады

1 438 просмотра

Атырауда тутұғырдың артқы жағынан салынатын жаңа саябақтың құрылысы биыл күзде басталады. Жобаның жалпы құны 6 млрд 314 млн 754 мың теңгені құрайды.

Мұнайлы шаһарда 2022 жылы 7 субұрқақ, балалар ойнауға арналған алаңдар, спорттық жаттығу алаңдары, амфитеатр, т.б. нысандар қарастырылған заманауи саябақтың бой көтеретіні туралы жыл басында хабарлаған едік. Ал қазір құрылыстың шаңы байқалмаған соң, оның биыл салынарына күмәнданған оқырмандар редакцияға хабарласты.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, саябақ алғашында Тұңғыш президент саябағы болады деп жобаланып, ішіне көптеген ерекше дүниелер енгізу жоспарланған. Алайда кейін шығынды азайту мақсатында жобаға қайтадан түзету енгізілген. Атап айтқанда, амфитеатр және басқа да бастапқыда жоспарланған нысандар болмауы мүмкін.

Саябақ жобасы биыл 25 шілдеде сараптамадан өтіп, оң қорытындысы алынды. Ал демеуші «NCOC NV» компаниясы мердігер мекемені конкурс арқылы өздері анықтайды. Құрылысты бастау 2022 жылдың қазан-қараша айына жоспарланған. Ұзақтығы 9 ай.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

2 тамыз 2022, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.