Атырау, 5 қазан 14:28
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жаңа әдіспен жасалған Брайль

1 060 просмотра

Жақында «SEZUAL» қоғамдық бірлестігінің қазақстандық инженерлері атыраулық зағип жандарға 36 инновациялық Брайль нұсқаулығын тарту етті. Өздігімен пайдалануға арналған электротактильді Брайль жаттықтырғышы қазақстандық ғалым Ғалымжан ҒАБДІРЕШОВТЫҢ еңбегі. Ол өзінің өнертабыстарының арқасында БҰҰ-ның WSA 2020 сыйлығын алған. Облыстық кітапханаға 15 оқу құралы, «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ жергілікті филиалына 21 оқу құралы тапсырылды.

Ғалымжанның командасы мен олардың өнертабыстары туралы айтқан болатынбыз. SEZUAL биолокаторы «көруге» мүмкіндік беретін алғашқы шешім болды. Бұл Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының қорытындысымен расталған. Медальон түріндегі құрылғы зағиптарға дыбыс толқындарының арқасында көру қабығында айналадағы заттардың кескіндерін қалыптастыра отырып, «көруге» мүмкіндік береді. Айтпақшы, Еуропа ғалымдары кеңесінің мүгедектерге арналған инновациялар саласындағы қорытындысы бойынша Ғалымжан командасының өнертабыстары ғылыми маңыздылығы жағынан 8-орынға ие болып, әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді. Бұл тізімде олар тіпті Гарвард университеті мен Microsoft компаниясын басып озды.

– Атыраулық зағиптармен кездесу кезінде бізге де музыкадан өздігінен оқу құралын жасап, Брайль әдісімен басылған кітаптарды жетілдіру жөнінде өтініш түсті. Өйткені, зағиптар саусақтарымен «оқыса», 7-8-ші оқырманнан кейін бұдыр қаріптер «өшіріліп», кітап оқылмайды. Сонымен қатар, Брайль қарпімен басылған кітаптарды шығару өте қымбатқа түседі, өйткені Брайль бұдырларын сақтайтын арнайы қағаз пайдаланылады. Осыған байланысты әрбір беттің көлемі артады. Мысалы, әдеттегі 300 беттік кітаптың зағип жандарға арналған нұсқасы шамамен 10-15 кітаптан тұрады.

Әлбетте, зағиптарға арналған кітапханалар мұндай көлемді орналастыру үшін 10 есе үлкен болуы керек. Әрбір Брайль кітабының бағасы қарапайым кітаптан жүз есе қымбат. Мысалы, Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» кітабы небәрі 1,5 мың теңге тұрады, ал зағиптар үшін Брайль қарпімен жазылған бұл роман 16 кітапқа енгізілген, бағасы 800 мың теңгеден асады. Сондықтан АҚШ-тың өзінде зағип жандарға арналған кітап көлемі американдық зағиптар баспаханасының мәліметі бойынша қажеттіліктің 1 пайызын ғана құрайды, – дейді Ғалымжан Ғабдірешов.

Принтерлерге қатысты жағдай да солай. Жақсы Брайль принтерінің құны 5 миллион теңгеден басталады. Оны жеке пайдалану үшін сатып алуды айтпағанда, тіпті мектептер үшін де қолжетімсіз бұйым.

Автордың жаңа өнертабысы биыл қалың көпшілікке ұсынылмақ. Кітап шығару құны қарапайым кітаптардан да, принтерлерден де арзан болмақ. Бұл ретте кітаптар мен принтерлер шығын материалдарын қажет етпейді. Жаңа технология бойынша кез келген, соның ішінде қайта өңделген қағазды да пайдалануға болады. Кітап көлемі 10 есеге азайып, көзі көретін адамдардың кітабымен бірдей болады.

Өнертабыстың мәні қарапайым. Трафареті бар пластик парақша жасап, ал кітап парағын тесуге болатын болса, әр кітапты Брайльге айналдырудың не қажеті бар. Трафарет әр беттің астына орналастырылады, ал тесілген парақтың саңылауынан қажетті әріптер шығып тұрады.

Шын мәнінде, бұл зағип жандарға арналған кітап өнлдірісінде бүкіл әлем үшін революция. Зағиптарға арналған американдық баспахана және АҚШ-тағы басқа да мамандандырылған ұйымдар базасында автор командасы бұл технологияны бүкіл әлем бойынша өндіруді және енгізуді жоспарлап отыр.

– Жалпы, зағип жандарға арналған технологиялық инновациялық нарық санаулы. Қарапайым адамдар үшін күніне миллионға жуық инновациялар пайда болса, зағиптар үшін тиімді өнертабыстар он жылда бір рет пайда болады. Әлемде тиімді деп танылған соңғы өнертабыс – маңыздылығы мен ғылыми сыйымдылығы бойынша Еуропалық ғалымдар кеңесінің 10 үздік тізіміне енген біздің биолокаторымыз, – дейді Ғ.Ғабдірешов.

Ғалым АҚШ пен Қазақстанның озық университеттерімен, кітапханаларымен және мектептерімен бірлесіп, дефектология саласында Халықаралық зияткерлік институт құруды жоспарлап отыр. Институт Хьюстон және Алматы қалаларындағы екі кампустан тұрады, мұнда ең көне мамандандырылған мектептер орналасады және кадрлық әлеуеті мол болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 шілде 2022, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.