Қайғылы оқиға 18 маусымда қала маңындағы Жұлдыз ықшамауданында болған. Трактор үйдің алдынан шұңқыр қазып жатқанда су құбыры істен шыққан. Оны 32 және 22 жастағы екі көрші жөндеуге кіріседі.
Олар төменге түсіп, құбырды жөндей бастағанда, топырақ үстеріне опырылып, басып қалады.
Олардың денесі шұңқырдан шығарылды, бүгін екі отбасы олардың қадесін беріп жатыр.
- 18 маусым күні Жұлдыз ықшамауданында үй жанында шұңқыр қазу кезінде су құбыры жарылып, топырақ астында қалған екі ер адам қайтыс болды. Тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА