Атырау, 16 қазан 11:54
 ашықВ Атырау +17
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Қала бюджеті - 56 миллиард теңге

3 329 просмотра

11-ші наурызда қалалық мәслихаттың 21-ші сессиясында Атырау қаласының үстіміздегі жылдың бюджетіне енгізілген өзгерістері бекітілді.

Қалалық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Әлсейіт САБИРОВТЫҢ айтуынша, облыстық бюджеттен қалалық бюджетке 922 млн. теңге көлемінде трансферт жолданды. Оның 122 млн. теңгесі тұрғын үй құрылысына, ал, 800 миллионы жаңа үйлерді инженерлік коммуникациялаумен жарақтандыруға арналып отыр.

Өткен жылдың бюджетінің орындалу есебімен қалалық әкімдіктің қаржы бөлімінің бастығы Гүлмаржан ТАҒАНБАЕВА таныстырды. Оның айтуынша, 2010 жылы қалалық қазынаға 56 млрд. 88 млн. теңге (ол 2009 жылға қарағанда 47,3% артық) табыс түскен. Жекелеп айтқанда: 34 млрд. теңге салықтан, 1 млрд. 124 млн. теңге салықтық емес түсімдерден, 1 млрд. 287 млн. теңге негізгі капиталды сатудан, оның ішінде 936 млн. теңге жаңа пәтерлерді сатудан түскен. Сондай-ақ, 16 млрд. 368 млн. теңге республикалық және облыстық бюджеттерден трансферт түрінде түскен екен.  Облыс бюджетіне алынған қаржы 18 млрд. 94 теңгені құрады. Бюджеттің шығын бөлігі 38 млрд. 122 млн. теңге болды.

«Жол картасына» 2 млрд. 696 млн теңге кетті. Білім беру жүйесі қызметіне - 7 млрд. 261 млн. теңге, оның ішінде 14 білім беру нысандарының құрылысына 2 млрд. 14 млн. теңге (Жұмыскер мен Талғайрандағы мектепке, 12 балабақшаға салынған жанама құрылысқа және 2 балабақшаны қайта жарақтауға) жұмсалды. 513 млн. теңге халықты әлеуметтік қорғауға бағытталса, 108 млн. – тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек үшін және бір мәрте берілетін төлемдерге, соғысқа қатысушылардың транспорттық жеңілдіктеріне берілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық үшін 16 млрд. 184 млн. теңге жұмсалды. 5 млрд. 909 млн. теңге тұрғын үй құрылысы мен инженерлік желілерді тартуға бағытталды. 330 млн. теңге сумен жабдықтау нысандарының құрылысына, 2 млрд. 884 млн. теңге – жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жұмсалды. 11 млрд. 622 млн. теңге жол және көпір салу жобалары мен құрылысына кетті. Қалалық бюджеттегі өткен жылғы қалған қаржы барлығы 248 млн. теңгені құрап отыр.

Қала әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВ депутаттарды биылғы жылы да 2010 жылдағыдан кем болмайтын тұрғын үйлер мен көпірлер және жолдар салынады деп сендірді.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 наурыз 2011, 22:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.