Атырау, 18 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Ресей: «Қазақстан неге парад өткізбейтінін түсіндірсін!»". ​"Назарбаевтар әулеті салыққа қанша қарыз?​". "Неге Украина Ресей үшін соншалықты маңызды?​". "Қазақстан парламенті қашан тарайды?​". "Азаматтық қоғамның аузын жаппақ".

16 672 просмотра

ABAI.KZ. «Назарбаевтар әулеті салыққа қанша қарыз?» - Экс-президент пен оның отбасы мүшелері жер, көлік, басқа да мүліктері үшін мемлекетке салық төлемеген. Тіпті, төлеуге міндетті салықты кешіктіргені үшін айыппұл мөлшері де артқан.

«Неге Украина Ресей үшін соншалықты маңызды?» - Путиннің фашистік режимінің «арнайы әскери операция» деп бастаған басқыншылық, жаулап алушылық соғысының басталғанына бүгін 51 күн болды. Кезінде Гитлер де «арнайы әскери операция» «Германияның басқа амалы қалмады» деген сөздермен бастаған өзінің жаулап алушылық соғысын. Путиннің ісі-кәдімгі фашизм. Және оның ультиматумы да ерекше. «Кедергі жасаған елге атом қаруын тастаймын», - дейді.

«Ресей: «Қазақстан неге парад өткізбейтінін түсіндірсін!» - «Жеңіс Күнінде» әскери шеру жасап, артынша «Бессмертный полк» атты акция ұйымдастыру Ресейдің идеологиялық құралының бірі болған. Бірегейі десек те қателеспеспіз. Жыл сайын дәл осы күнді Ресей барынша кеңінен атап өтіп, кеңестік идеологияны қазіргі Ресей саясатымен ұштастырып, оны өзге посткеңестік елдерге таратуды көздейді.

NEGE.KZ. «Владимир Ким VS Тимур Турлов. НЕГЕ «Альфа-Банкті» жұту операциясы олигархтар жекпе-жегімен аяқталуы мүмкін?» - «Альфа-Банк» үшін «Фридом Финанс», «Bank RBK», «Еуразиялық банк» пен «Orbis Group» таласуда. Nege.kz дереккөзінің мәліметінше, осы үміткерлердің ішінен «Bank RBK» өз мақсатына жетуге анағұрлым жақын тұр. Бірақ, Фридом Финанстың да қайтқысы жоқ.

«Хабардан» жағымсыз хабар: 439 млн теңге қайда кетті?» -  Бүгін «Хабар» телеарнасына қатысты екі ақпарат қатар жарияланды. Біріншісі – Есеп комитетінің телеарнаның бұған дейінгі жұмысынан тапқан қаржылай заңсыздығы, екіншісі – жаңадан тағайындалған басқарма төрағасы Берік Уәлиді Президенттің қабылдауы.

«Бұрынғы судья Бекет Тұрғараев өзіне мавзолей салдырғаны рас па?» - Әлеуметтік желіде бұрынғы судья Бекет Тұрғараевтың Қазығұртта «өзіне және әйеліне арнап салғызған мавзолейі» абың-күбің әңгіме болып жатыр.

TURKYSTAN.KZ. «Ресеймен әлі 10 жыл соғыса аламыз» –Украина Президенті Владимир Зеленский қажет болса, Ресеймен әлі 10 жыл соғыса аламыз деп отыр. Бұл туралы ол CNN арнасына берген сұхбатында айтты. Зеленскийдің айтуынша, соғысты тоқтатудың барлық мүмкіндігін қарастыру керек. «Мүмкіндіктер күн сайын азайып барады. Ешкім сөйлегісі келмейтін уақыт таяп қалды. Қоғам келіссөздерді жалғастырғанымызды қаламайды. Ал соғыс шексіз болмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек», –  деді Президент. 

«Мені Мариуполь халқына айырбастаңыздар»: Медведчук мәлімдеме жасады» - Украинаның Қауіпсіздік қызметі Медведчуктың Путин мен Зеленскийге жолдаған мәлімдемесін жариялады. Әлеуметтік желіде УҚҚ елдегі ең ірі партиялардың бірі «Оппозициялық платформа – Өмір бойы» партиясының басшысы Виктор Медведчуктың Путин мен Зеленскийден өзін Мариуполь халқына айырбастауын өтініп сұраған бейнежазбасын жариялады.

«Швеция жұрты Құранды өртеген саясаткерге қарсы бас көтерді» - Швецияның бірнеше қаласында төрт күннен бері тәртіпсіздіктер жалғасып жатыр. Бұл тәртіпсіздіктер Данияның исламға қарсы Stram Kurs («Қатаң курс») партиясын басқаратын әсіреоңшыл саясаткер Расмус Палуданның «Құранды өртеп жібердім және тағы да осылай істеймін» деген сөзінен кейін басталған.

ZHASALASH.KZ. «Қазақстан парламенті қашан тарайды?» -  Қазақстан Парламент сайлауын жаңа жүйе бойынша өткізу үшін Конституцияға өзгерістер енгізу қажет. Заң жобасына өзгерістерді 1 маусымға дейін енгізу көзделіп отыр. 

«Азаматтық қоғамның аузын жаппақ» - Демократиялы ел болуға көшкен елдерде азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге барынша, тырысып бағады. Ал халықтың үнін естуді мақсат еткен біздің елде сөз бостандығы барған сайын қыспаққа алына бастады. Өйткені жоғары палатаның қарауында жатқан құжат кибербуллинге қарсы жұмыс істейді делінгенімен, жауаптылар жұрттың аузын жаппаққа білек сыбана кіріскен сыңайлы. Неге дейсіз бе? Заң жобасы қабылданар болса, Қазақстандағы WhatsApp, Facebook және Telegram шетелдік мессенджерлері бұғатталуы мүмкін.

FORBES.KZ. «Қаржы нарығы: Сарапшылардың болжамы көңілдегідей емес» - Нарық ішіндегі кәсіби мамандардың пікіріне негізделген бұл шолу қаржы, банк, сақтандыру нарықтарының, брокерлік ұйымдардың өкілдері мен сараптамалық, қазыналық бөлім қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы болып табылады.

«Мұнай нарығы: Эмбарго елесі әлі де өзекті» - «Қара алтын» бағасы сәуір айында 100 АҚШ долларының о жақ, бұ жағында қалса (баррельге шаққанда), бұл нарық үшін мейлінше тиімді ұстаным болар еді, бірақ дәл қазір әлемдік энергетикалық нарық Еуроодақтың Ресей мұнайына қатысты шешімін күтіп, бей-жай күйде отыр.

18 сәуір 2022, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.