Атырау, 4 наурыз 08:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Қанша ақша Ұлттық қор мен республикаға түсті және қаншасы қалды

2 594 рет қаралды

Былтыр Атырау облысындағы мұнай компаниялары ҚР Ұлттық қорына  676 млрд 9 млн теңге аударды.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен ШАНАЕВ хабарлады.

Жалпы, департамент бюджетке былтыр 2 трлн 555 млрд теңге түсірген. Оның ішінде Ұлттық қорға – 1 трлн 45 млрд теңге,  республикалық бюджетке - 1 трлн 101 млрд тенге, жергілікті бюджетке - 408 млрд тенге түсіп отыр.

- Биыл бірінші тоқсанда 1 трлн 221 млрд теңге түсті, оның 544 млрд теңгесі мемлекеттік бюджетке аударылды. Оның ішінде республикалық бюджетке 428 млрд 8 млн теңге, ал жергілікті бюджетке 115 млрд 2 млн теңге түсіп отыр. Жалпы, түсімдер бойынша Атырау облысы республикада Алматыдан кейін екінші орында тұр, - деді Шанаев.

Айнұр САПАРОВА

13 сәуір 2022, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.