Атырау, 5 қазан 15:25
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

ТШО «ИГІЛІК» БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖОБАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙДЫ?

3 250 просмотра

Көп жылдардан бері  Атырау облысында   «Теңізшевройлдың» «Игілік» ерікті бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. 1993 жылдан бері бағдарлама шеңберінде  маңызды деген 133 әлеуметтік нысан құрылысы аяқталып, іске қосылды. Жобаларды қаржыландыру үшін таңдағанда  компания қандай критерийлерді басшылыққа алады, біз ол туралы   ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВПЕН сұхбат барысында білетін боламыз.

Жансая саябағының ашылуы. 2014Құлсары су айдау стансасының құрылысы. 2014Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия. Атырау, 2016Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия. Атырау, 2016Аудандық мәдениет үйі. Индер. 2016Ретро саябақ. Атырау. 2017Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған техникалық гимназия. Атырау. 2017160 орындық балабақша. Ақкиізтоғай. 2016Құрылыс-энергетика колледжіне арналған 100 орындық жатақхана. 2020Сауықтыру және фитнес орталығы. Шоқпартоғай. 2017Сауықтыру және фитнес орталығы. Шоқпартоғай. 2017Құлсары қаласындағы 580 орындық мектеп. 2021Құлсары қаласындағы 580 орындық мектеп. 2021Құрсай өзегінің жағалауы. 2019
 

– Рзабек Дәуітұлы, Сіз Жылыой ауданының әкімі болған кезде ТШО-ны осы ауданды абаттандыруға екі миллион доллар бөлуге көндіре білдіңіз. Сол кезде бұл қыруар қаржы  – осындай көлемдегі қаржыны компания  күллі Атырау облысына бөлді емес пе?

Облыс әкімі лауазымына Иманғали Тасмағамбетов келісімен, бірден бірінші кезекте Атырауды «көтеру» керектігін айтты. Ол кезде ТШО-ның бас директоры Том Уинтертон, ал орынбасары Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылының тумасы Борис Шырдабаев болатын. Бірде мен Борис Шырдабаевқа кен орны орналасқан және олардың көптеген қызметкерлері вахтадан тыс уақытта тұратын ауданды ТШО басшылығына көрсетуді ұсындым. Мен оларды қазіргі уақытта орны ғана қалған Сарықамыстан бастап Қаратонға, одан әрі Қосшағылға дейінгі ауданның барлық ауылдары мен кенттеріне апардым...Өзіңіз білесіз, 90-шы жылдар, адам төзгісіз жағдай, жол жоқ, су жоқ, коммуналдық шаруашылық құлдырап жатыр, зейнетақы,балалар жәрдемақысы бойынша қарыз. Осының бәрі, жұқалап айтқанда, Том Уинтертонға әнебір жақсы әсер етпеді. Бірнеше айдан кейін ТШО-дан «Игілік» атты жаңа ерікті корпоративтік әлеуметтік бағдарламаны бастайтындықтары туралы хат келді. Онда бағдарлама шеңберінде Атырау облысының қажетіне екі миллион доллар және бұған қосымша Жылыой ауданына   екі миллион доллар бөлінетіндігі туралы шешім қабылданғандығы жазылыпты. Сонда ғана   түсіндім: жақында олар мені «белдесуге» шақырады.

-Шақырды ма?

-Иә. Иманғали Тасмағамбетов, әрине, әзілдеп: «Сен не, жеке мемлекет пе едің? Неге бүкіл облысқа екі миллион, ал сендерге - Жылыой ауданына бөлек - екі миллион?» деді. 

Жағдайды әкімнің орынбасары Болат Палымбетов түсіне қалып, Иманғали Нұрғалиұлының жыл бойы ірі демеушілерді мазаламауды сұрағанын және ол мерзімнің аяқталғанын еске салып, бұлтты сейілтіп жіберді.

-Рзабек Дәуітұлы, соның ішінде, сіздің арқаңызда аймақта ТШО-ның әлеуметтік бағдарламасы өмірге келді деп айта аламыз ба?

-Ол кезде компанияда жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджер Мария Қаражігітова болатын, ол ТШО-ның әлеуметтік бағдарламаларын дамытуға үлкен үлес қосты. Дәл сол кезде, «Атырау Бонус Қоры» әлеуметтік бағдарламасы аяқталуға жақын еді. Бағдарлама өз міндетін орындап болысымен жаңа, «Игілік» ерікті бағдарламасы басталды. Осы бағдарламалар арқасында 1993 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 133 нысан салынды - бұл балабақшалар, мектептер, ауруханалар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері және тағы басқалар. Барлығы да Атырау облысы тұрғындарының игілігі үшін жасалды.

-Жылыой ауданына аударылған сол екі миллион қайда жұмсалды?

-Ең алдымен, әкімдік қаржыны су мен жол проблемасын шешуге  бағыттады. «Игілік» бағдарламасы әу баста төрт миллион АҚШ долларынан басталса, қазір жылдық қоры  25 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Елестетіп көріңізші - ауыл, жұмыссыздық, ал бір балабақша шамамен 40-70 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді - тәрбиешілер, күтушілер, ас үй жұмысшылары, күзетшілер және т.б. Осылайша, жаңа нысандар салу есебінен ТШО мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашты. Содан,  ТШО-ға келгеннен кейін, , «Игілік» бағдарламасына қосымша, әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын қолға алдық. Бағдарламаның мәні жергілікті тұрғындардың, азаматтық белсенділердің және ҮЕҰ-ның білім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ әлеуметтік бизнесті қолдауға қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді бастамаларын қолдау болып табылады.

-Бүгінде Сіз шенеунік   емес, бас менеджер ретінде осы жобаларға қатысуды жалғастырып жүрсіз бе? 

-Біз бұл үрдісті жүйелеп, оны ашық әрі түсінікті еттік. Әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар облыс басшылығымен бірлесіп талқыланатындықтан, бағдарламаға қандай жобаларды енгізу туралы шешім де бірлесіп қабылданады. «Игілік» бағдарламасы жобаларының негізгі өлшем-шарттары: тұрақтылық, жергілікті тұрғындардың басым қажеттіліктеріне бағытталуы, олардың басым бөлігіне пайда әкелу.Десек те, барлық жобалардың басты өлшем-шарты – олар облыс тұрғындарының адами әлеуетін ашуға мүмкіндіктер туғызуыкерек.

– Бұл ретте облыс әкімдігі қандай рөл атқарады?

– Әкімдік облыстың қажеттілігіне талдау  негізінде  жобалар ұсынады. Біз оларды қарастырып, жоғарыда атап өткен өлшем-шарттар негізінде шешім қабылдаймыз. Одан әрі ТШО ҚР заңнамасына, компанияның ішкі саясаты мен рәсімдеріне сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алады. Көбінесе бізге 70-80 жылдардағы ескі жобалар ұсынылады, сондықтан ТШО оларды түзету үшін мамандандырылған жобалау ұйымдарын қосымша тартады. Құрылыс нысандарының тізімі білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт және басқа да басқармаларымен бірлесе әзірленеді.

– Сіздің ойыңызша, ТШО-ның әлеуметтік бағдарламалары шеңберінде әлі де қандай жобаларды жүзеге асыруға болады? – Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші және жұмыс беруші ретінде ТШО өңірдің және еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосуды өзінің мақсаты деп санайды. Алдағы уақытта бізге қандай жобалар керектігін облыс әкімдігіайтады. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауынсыз мұндай жобаларды сәтті жүзеге асыру мүмкін еместігін түсінген жөн. Мен өзім Жылыой ауданында туып-өскендіктен, әрі қара шаңырақ сонда тұратындықтан,әкімдік пен ТШО арасындағы байланыстың тиімді болғанына,   сондай-ақ әлеуметтік серіктестеріміздің сапалы жұмысына тікелей мүдделімін. Түсінесіз бе, қоғамның дамуы негізінен бюджетке немесе құрылысқа бөлінген қаражатқа ғана байланысты емес, ол сапалы білім мен денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігіне, әлеуметтік жауапкершілігі бар ұзақ мерзімде қызмет атқаратын бизнестің болуына да байланысты. Қоғамның барлық мүшелері арасындағы дұрыс тепе-теңдік біркелкі, салауатты дамуды қамтамасыз етеді. Осы жылдар ішінде мен үздіксіз дамуғакуә болып келемін және бұған ТШО-ның да ықпалы   бар екендігіне сенгім келеді.
10 желтоқсан 2021, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған