Атырау, 7 маусым 15:33
 дождьВ Атырау +25.5
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Астанадан келген қонақ Атырауды «жеке» автобуспен аралады

Бейнежазба
2 226 рет қаралды

Атырауда бүгін, 17 қарашада жолаушы тасымалдайтын Daewoo  автобусын ұрлап кеткен. 42 жастағы жүргізуші автобустың жоқ екенін таңертең рейске шығу үшін тұраққа келгенде бір-ақ білген. Басында өз көзіне өзі сенбепті.

Ұрлықшы автобуспен қала ішінде ұзақ жүрмеген: оны Жедел Басқару орталығы қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы тез тауып алып, ұсталды. Ол Ақмола облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. 

ҚР ҚК-нің 200 бабы 1 бөлігімен («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған бейнежазба

17 қараша 2021, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.