Атырау, 18 желтоқсан 17:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Салық төлемдерінің оңайлығы рейтингінде Қазақстан ТМД аумағында көшбасшы болып отыр

7 005 просмотра
Қазақстан салық төлемдерінің оңайлық рейтингінде әлемде 183 елдің ішінде 39-орында тұр.

 Бұл бүгін Алматыда PwC компаниясы, Дүниежүзілік банк және Халықаралық қаржы корпорациясы бірлесіп жасаған "Салық төлемдері 2001" жаңа есебін жариялау рәсімінде айтылды.

Pricewaterhouse Coopers (PwC) компаниясының Салық бөлімінің директоры Ричард Брегонидің айтуынша,  Қазақстанға 39-орынды иеленуге бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін өткізілген салықтық реформалар мүмкіндік беріп отыр. Былтыр республика әлемдегі 183 елдің ішінде 52-орын алған болатын. Салық төлемдерінің оңайлығы рейтингінде Қазақстан Орталық Азия ғана емес ТМД елдерінде де көшбасшы.    

Дүниежүзілік банктің Мемлекеттік басқару секторының бас маманы Мунавер Султан Хваджаның  сөзіне қарағанда,  әлемдік экономиканың баяу қалпына келуіне қарамастан әлемдегі мемлекеттердің 60 пайызға жуығы салықтарды төлеу жүйесін оңайлату мақсатында заңдарына елеулі өзгерістер енгізді. "Салық төлемдері 2001" есебінің қорытындысына қарағанда, былтыр 40 ел салықтарды төлеу үдерісін оңайлатты. Ең елеулі жағымды өзгерістерді енгізген аймақ Орталық және Шығыс Еуропа болып табылады. Онда салық мөлшерлемесі 3,1 пайызға және төлемдер саны 5-ке төмендеп, салық әкімшілігіне жұмсалатын уақыт 16 сағатқа азайды.

kazinform.kz

6 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.