Атырауда алаяқ талапкерлерге белгілі ақысына жоғарғы оқу орнына тегін түсуге көмектесемін деп уәде берген. Бірақ оларды алдап, алаяқтық туралы баппен айыпталды.
Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 қазанда Атыраудың 22, 27 және 35 жастағы үш тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша полицияға арызданған. Жергілікті тұрғын жоғарғы оқу орнына тегін түсуге көмектесемін деп уәде етіп, сол үшін олардан тиісінше 600 мың, 292 мың және 350 мың теңге алған. Егер оны кем дегенде 4 жылдық оқуға бөлсе, коммерциялық оқумен салыстырғанда «үнемді» болар еді. Алайда ол уәдесін орындамай, ғайып болды. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-тармағы («Аса ірі мөлшердегі алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Неліктен адамдар білім саласындағы жемқорлыққа сенімді және осындай пікірдегі алаяқтарға оңай сенеді? Бірақ бұл басқа әңгіме.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА