Атырау, 3 мамыр 11:41
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Цойдың сапары: медицина мекемелерінде тәртіп шамалы, тұрғындар еш сақтанбайды

Сурет
2 147 просмотра

6 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ вице-министр Ажар ҒИНИЯТПЕН бірге Атырау облысына келді. Түске дейін олар облыс әкімінің орынбасары Бақтыгүл ХАМЕНОВАМЕН және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ахан БАЙДУӘЛИЕВТІҢ қатысуымен бірге Мақат аудандық ауруханасында және Бәйгетөбе ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктінде болды.

А.Цойдың пікірінше, сол жердегі аудандық медицина мекемелерінде бар жабдықтар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

- Еліміздің ауылдық медицина мекемелерінің бәрі бірдей мұндай жабдықтармен жарақталмаған, ал жетіспейтінімен көмектесеміз, - деді министр.

Түстен кейін делегация №7 қалалық емханаға барып, вакцина егу пункттерінің ұйымдастырылуымен, облыстық балалар ауруханасының, оның ішінде стационар жанынан ашылған жаңа оңалту орталығының жұмысымен танысты. Министрді негізінен жас мамандардан тұратын аурухана ұжымымен таныстырды. Стационар директоры Нұрқабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ осы сәтті пайдаланып, ғимаратқа шамамен 100 төсекке арналған жапсарма салу өтінішін айтты:

- Бізде қазір 210 төсек орын бар. Балалардың бір жерде емделгенін қалаймыз. Ол үшін бізге балалардың жұқпалы аурулар блогы: ЖРВИ науқастарына 60 кереует, өткір ішек инфекциясымен ауыратындарға 40 кереует қажет. Сонда бізде облыстық көпбейінді балалар ауруханасы болады.

Бұдан басқа, Алексей Цой облыстық онкология диспансерінде болды. Ол дәрігерлерге ел Президентінің «Еңбек сіңірген дәрігер» мемлекеттік наградасын енгізуге және медицина қызметкерлерінің жазатайым оқиғаларға қатысты жауапкершілігін сақтандыру туралы тапсырмасын айтты.

Министр сонымен қатар облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТІҢ қатысуымен коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жөніндегі өңірлік штабтың отырысын өткізді. Өңірдегі ахуал ушығып тұр, жұқпалы аурулар стационарларында төсек-орындар лық толуда. 5 тамыздағы жағдай бойынша 1734 науқас стационарлық ем алған, бұл бір ай бұрынғы жағдайдан 3,5 есе көп. Жансақтау бөлімінде 76 пациент бар, 5 шілдеден бастап 2,5 есеге артқан.

Барлығы өңірде 16 стационар – 7-уі ауданда және 9-ы облыс орталығында орналасқан. Атырауда әрі қарай көбею бағытында инфекциялық кереуеттің 60% толған, жансақтау бөлімінде - 67%.

Бұдан басқа, модульдік жұқпалы аурулар стационарында реанимациялық кереуеттің өткір жетіспеушілігі байқалуда - олардың саны 19 ғана, ал кардиология орталығында 11 кереует орналастырылған.

- Бұл жағдай өте алаңдатарлық. Керуеттің одан әрі толуы халыққа стационарлық көмектің қолжетімді болуын төмендетуі мүмкін, - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Осы аптада біздің облыста жұмыс істейтін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы Атырау қаласындағы 5 емханада, екі жекеменшік емханада және екі аудандық ауруханада көшпелі мониторинг жүргізді. Нәтижесінде мобильді бригадалар санының жеткіліксіздігі, КМАЖ-ға(кешенді медициналық ақпараттық жүйе) шақыртудың уақытында енгізілмегені анықталды. Сондай -ақ, мобильді бригададағы дәрігерлердің жұмысын учаскелік қабылдау жұмысымен біріктірген жағдайлар анықталды. Бұл санитарлық -эпидемиологиялық режимге қайшы келеді.

А.Ғинияттың айтуынша, медицина ұйымдарында анықталған науқастарды амбулаториялық бақылау мониторингі тиісті деңгейде жүргізіле бермейді, бақылау парақтары сапасыз жүргізіледі, КВИ-ді емдеудің клиникалық хаттамалары сақталмайды.

Жұмыс тобының ұсынысы бойынша 4 шілдеде Атырау амбулаторлық-емханалық деңгейдегі ұйымдарда КВИ жұқтырған науқастар санын, мобильді топтардың жұмысын, мұқтаж науқастарды ауруханаға жатқызуды және амбулаторлық емді уақтылы тағайындауды, соның ішінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді күнделікті динамикалық бақылауға арналған ситуациялық орталықтар құрылды.

Министрдің пікірінше, Атырау облысында коронавирус ауруының айтарлықтай көбеюіне тұрғындар арасында инфекциядан сақтанудың төмендеуі, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы ықпал еткен. Сонымен қатар, дельта штаммның кеңінен таралуына және амбулаториялық-емханалық деңгейдегі жұмыстың нашар ұйымдастырылуына байланысты ауруханаға жатқызу жоғары пайызда болып отыр. Бұл ауыр науқастар санының артуына әкеледі.

Сапар соңында Алексей Цой облыстық онкология диспансерінде болды. Ол дәрігерлерге ел Президентінің «Еңбек сіңірген дәрігер» мемлекеттік наградасын енгізуге және медициналық қызметкерлердің жазатайым оқиғалардан жауапкершілігін сақтандыруға қатысты тапсырмалары жөнінде айтты.

Өкінішке орай, министрдің кестесінде журналистермен, ең болмаса қысқаша брифинг түрінде кездесуге уақыт болмады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді түсірген автор және ӨКҚ ұсынды

7 тамыз 2021, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.