Атырау, 26 сәуір 21:49
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Теңіз кен орнында COVID-19 жұқтырғандар көбейді

1 234 просмотра

Атырау облысында бір  тәулікте  422 адам Covid-19 жұқтырған. Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 422 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 246 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 46 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 58 науқас, Индер ауданында - 15, Исатайда- 12, Қызылқоға ауданында - 16, Құрманғазы ауданында - 12, Мақат ауданында - 8, Махамбет ауданында - 9 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 341 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 81 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 224 адам емделді.

Қазір 4191 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 198, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 77, кардиоорталықта - 105, т/ж ауруханасында - 111 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда - 378, облыстық ауруханада - 39, жатақханада - 87, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 289 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

30 шілде 2021, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.