Атырау, 4 мамыр 15:58
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Жұмабаев мектебінің жыры

Сурет Бейнежазба
2 373 просмотра

Жұмабаев (бұрынғы Ленин) атындағы №1 мектеп оқушыларының ата-аналары таң қалыстарын жасырмайды. 2012 жылы ғимарат күрделі жөндеуден өтті, ал 2017 жылы апатты деп танылды. Құжатқа сәйкес, мектеп аумағы 0,8958 га, ал іс жүзінде 0,1143 га-ға аз. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, 160 орындық ғимарат құрылысы 1 миллиард 24 миллион теңгеге шығады. 

Біз осы мектептің олқылықтары туралы жазған едік. 2017 жылы ғимарат апатты деп танылды, содан бері оқушылар қаланың басқа ауданында орналасқан  №18 мектепте білім алуда. Оған жету қиын, ата-аналарға балаларын тасуға немесе олар үшін такси ақысын төлеуге тура келеді. Балалар 3 ауысымда оқиды, пандемияға дейін бір партада үш баладан отырды. 

Ата-аналар жаңа ғимаратты тез арада салу қажет деп, бұл мәселені әлденеше рет көтерді. Олар «неге мектепті үлкен етіп салмасқа, қала халқы үнемі көбеіп жатыр» деген сұрақ қояды. Бұған жауап ретінде билік үлкен ғимарат үшін аумақтың жеткіліксіз екенін айтты. 

Енді ше, мектептен шұрайлы жер алып қалғысы келетіндер жетерлік. Қорғау аймағы аумағының орталық кіреберіс жағының бір бөлігі бизнес орталығы мен бұрын ағылшын мектебі орналасқан ғимаратқа айналған, ал келесі жағында кезінде қаржы полициясы көлік тұрағын жасаған. 

Сонау 2003 жылы жеке тұлға мектеп аумағынан 0,1340 га жерді алып үлгерген. Бес жылдан кейін меншік иесі заңсыз алынған учаскеге қонақ үй салып, тіпті одан да көп жерді тартып алмақ болған. Сол кезде мектептің ата-аналар комитеті біздің газетіміздің қатысуымен аумақты белсенді қорғап, алып қалды. Дегенмен, оқушылар бұл жерді бәрібір пайдалана алмайды, ол әлі қоршалған күйде. Бұдан басқа, сол учаскеде шұңқыр қазылып, темір қазық қағылған, жерді қалың қамыс басып кеткен. Сот шешімінен кейін құрылысшылар учаскені бастапқы қалпына келтірмеді, сондықтан бұл жерде сап түзеп, спорттық іс-шараларды өткізу мүмкін емес. Ата-аналар өзен жағалауына жақын осы жақсы жерді алып қалу әрекеттері әлі де жалғасып жатқанына және жаңа ғимарат салу кезінде мұндай жоспар, былайша айтқанда, «қарбалас кезде» жүзеге асуы мүмкін екеніне сенімді.

2012 жылы күрделі жөндеу жүргізілді, едені мен есіктері ауыстырылды. Бірақ неліктен екені белгісіз, шатырға тимеді. Бір жерінен су ағып, сылағы опырылып қалды. Бұл мектептің жабылуына себеп болды. Бір кездері №1 мектепті бітірген Қайша РЫСПАЕВА әлеуметтік желідегі өз парақшасына ғимараттың шынымен апатты екеніне күмәнданған видеосын жариялағаннан кейін екінші қабатқа шығатын баспалдақтарды кесіп тастаған маған өте оғаш болып көрінді. Төтенше жағдай. Ғимарат ескі, 1935 жылы салынған, бірақ өте берік, ол кезде ғасырлар бойы тұратындай мықты етіп салуды білген: іргетасы берік, еш жері отырмаған, 4 жыл бойы бос тұрса да қазірдің өзінде қабырғаларында сызат жоқ.

Мектеп күрделі жөндеуге жабыла салысымен, кейбір мұғалімдер жаңа ғимарат біртіндеп жеке меншікке өтеді деген ойларын айтты. Олай деулеріне себеп бар екен.

- Біз мектеп аумағы шынымен де біреуге қатты керек боп тұр деп күдіктенеміз, сондықтан барлық жерде жер мәселесін көтеріп жүрміз. 16 наурызда біз облыс әкімінің қабылдауында болдық, содан кейін 5 сәуірде облыс прокуроры Шалмурзин әкімдікте дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған қалалық білім бөлімі, облыстық басқарма, жер инспекциясы және т.б. өкілдері қатысты. Біз мектептің ата-аналар комитетінің өкілдері ретінде үлкен көлемдегі ғимаратқа қол жеткізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың қайта жасалуын күтуге дайын екенімізді айттық. Солай ұйғарып, бізге ЖСҚ-ны өзгертуге уәде берді. 12 сәуірде Атырау облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы мектеп басшылығы және біздің бастамашыл топтың қатысуымен жер учаскесін өлшеп, 0,1143 га жердің жетпей тұрғанын анықтады. Осыдан кейін прокурорлар байланысқа шығуды тоқтатты, - дейді Қайша Рыспаева.

Биліктің «мектеп қашан да шағын болды, сондықтан қазір үлкенірек ғимарат салу мүмкін емес» деген тұжырымына сол маңда тұратын тұрғындар керісінше дәлел келтіреді. Облыстық мұрағатта оларға «Ленин атындағы орта мектептің бірінші оқу жартыжылдығының қорытындылары туралы» мұрағаттық үзінді берілген. Онда 1949-1950 оқу жылында мектепте 610 баланың білім алғаны көрсетілген. Ғимарат апатты деп танылғанға дейін олардың саны шамамен осындай болған. Тұрғындар саны үнемі өсіп келеді, бұл аудандағы балалар саны да көбеюде. 160 орындық жаңа ғимарат осы айналадағы білім беру мекемелерінің тапшылық мәселесін шеше алмайды.

- Егер бізге негізгі кіреберіс жақтағы мектептің қорғалатын аумағын, Жайық жақтағы жерді қайтарса (ол заңды негізде біздікі), онда ғимаратқа орын жеткілікті. Кең етіп салсын. Өткен ғасырдың 50-жылдарында мұнда 610 бала оқыды, ал Кеңес заманында стандарт қатаң сақталды. Бұл жерде санитариялық нормаларды бұзудан қорқып, шағын мектеп салмақшы екеніне сенбейміз. Оны мектептің негізгі кіреберісінің дәл алдында ғимарат салып, мектептің артына автотұрақ ұйымдастырып, жерді жеке тұлғаға бергенде, еш ойланбастан бұзды ғой. Бір миллиардқа үлкен мектеп те салуға болады. Балаларымыздың білім алуына дұрыс жағдай жасаңыздар, оларды кішкентай ғимаратқа тығудың қажеті жоқ, - деп талап етеді ата-аналар.

Олардың логикасы қарапайым - Атырау мектептері лық толы, барлық мектепте тиесілі мөлшерден көп бала оқиды. Қалай болғанда да 160 орындық ғимаратта қайтадан 600 бала оқитын болады.

 

ЖИЫРМА СОТЫҚ ҚАЙДА КЕТТІ?

8 шілдеде Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ №1 мектеп оқушылары ата-аналарының мүддесін қорғайтын бір топ белсенділермен кездесті. Кездесуге оның орынбасарлары мен әкімдіктің кейбір бөлімдерінің өкілдері қатысты. Қайша Рыспаева үлкен мектеп салу туралы ата-аналардың уәжін қайталады. Тағы да бір күн бұрын әлеуметтік желідегі парақшада жарияланған ресми жауапты естіді. «Атырау қаласындағы Мағжан Жұмабаев (бұрынғы Ленин) атындағы №1 мектеп сонау 1935 жылы салынған. «Техэксперт-Эко» компаниясының 2017 жылғы техникалық қорытындысына сәйкес, ескі ғимарат апатты және мерзімін өтегендіктен қалпына келтіру мүмкін емес деп танылды. 160 орындық мектепті жобалау кезінде ҚР ЕЖ 3.02.-111-2012 сәйкес, бүкіл жобалық шешім дұрыс қабылданды, бір оқушыға кемінде 43 шаршы м, бұл 19.01.2020 жылғы №ЭкПС-0001/20 Мемлекеттік сараптама қорытындысымен расталды. Жер учаскесінің ауданы, 2001 жылғы 4 маусымдағы №3219 қаулысына сәйкес, 0,9858 га құрайды; 2013 жылдың мемлекеттік актісіне сәйкес, учаске алаңы өзгермеді. Шынында да, үлкен қалаларда құрылыс шарттары үшін түзету қабылдауға және бір оқушыға шаққандағы талап етілетін аумақтың нормасын 20%-ға төмендетуге теориялық мүмкіндік бар. Бұл жағдайда мектеп аумағын қосымша 0,174 гектарға ұлғайту қажет. Қажетті жер учаскесі заңды иесінен алынған кезде (құрылыс бітемесі бар көршілес учаске) сот процедуралары үшін кемінде 1,5-2 жыл уақыт қажет. Осыдан кейін (сот оң шешім шығарса) жаңадан іздестіру жұмыстарын, жеке жобалық әзірлемені бастау керек (1 жылға дейін). Бұл учаскеде типтік жобаларды қолдану мүмкін емес. Бүгінде дайын жоба бар және құрылыс бітемесімен бірге қаржыландыру мәселесі шешілді. Мектеп жалпы білім беретін болады деп хабарлаймыз», - делінген ресми хабарламада.

- Бізде дамытудың бірнеше нұсқасы бар. Мектеп құрылысын қазір бастап кетуге болады, ТШО-ның әлеуметтік бағдарламасы аясында өте жақсы ғимарат шығады. Бұл жағдайда біз оқу орындары жеткіліксіз болғандықтан, бұл ауданнан тағы бір мектеп салуға мүмкіндік іздейміз. Екінші нұсқа - әкімдіктің жеке адамнан жер учаскесін сотпен алғанын күте тұру, учаскеде қайтадан іздестіру жұмыстарын жүргізу, ЖСҚ әзірлеп, құжаттарды бекіту, мұның бәрі үш жылға созылуы мүмкін, - дейді Қ. Оразбаев. Айтпақшы, екі тараптан жаңа ғимараттармен қоршалған мектептің негізгі кіреберісі жағындағы аумаққа келсек, қала әкімі олар сол ұйымдарға тек көгалдандыру үшін берілген және оларды мектепке қайтару қиын болмайды деп сендірді. Әңгімелесу барысында қала басшылығының мектеп аумағының біраз бөлігін біреудің тартып алғанын білмейтіні анықталды. Әкімдіктің ресми жауабында 2001 жылғы мәліметтер көрсетілген, соған сәйкес мектеп учаскесі 0,9858 га құрайды, жобалық-сметалық құжаттама осы мәліметтер негізінде жасалған. Ал биыл сәуір айында Атырау облысының жердің пайдаланылуын және қорғалуын бақылау департаменті жүргізген нақты өлшенген учаскенің 0,7815 га екенін көрсетті.

Ұзақ, арасында тартыс болған әңгімелерден кейін тараптар өз пікірлерінде қалды - әкімдік 160 орындық мектеп салу керек деп санайды, ал ата-аналар ғимаратты үлкейтіу бағытында жобалық-сметалық құжаттарды қайта қарауды талап етеді. Тараптардың бұл мәселені қанша уақытқа дейін талқылайтыны белгісіз. Бірақ әзірге олар жобалық-сметалық құжаттарды - әкімдіктегілер тағы да, ал тұрғындар - бірінші рет бірлесіп мұқият зерделеу керек деген қорытындыға келді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

14 шілде 2021, 01:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.