Атырау, 19 наурыз 10:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

«Нәрестенің өлімі туралы іс»: сарапшылар дәрігерлерді жақтады

4 361 просмотра

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер мен сот сарапшылары Атырау облыстық перинаталды орталығының дәрігерлеріне қатысты сот үкімінің әділдігіне күмән келтірді.

Арнайы баспасөз мәслихатында еліміздің медицина қоғамдастығының өкілдері журналистерді Атырау облыстық перинаталды орталықтағы нәрестенің өлімі туралы жанжалды іс бойынша сарапшылардың егжей-тегжейлі қорытындысымен таныстырды.

Зоя АН

Қазақстан акушер-гинекологтары мен неонатологтар конгресінің сарапшысы Зоя АН анасында жатыр қабырғасынан плацентаның бөлінгенін, плацентаның жүктіліктің осы мерзіміне тиесілі болу керек деңгейден 50% жұқа болғанын мәлімдеді.

- Шаранада оттегі мен қоректік заттар жетіспеді деуге болады. Ашқан кезде ішкі ағзалардың даму ақаулары анықталды, бауыр 10 есеге үлкейген - 800 грамм салмақта бауыр 200 грамм болды. Жүрегінің мөлшері де үлкен, нормадан 2-2,5 есе үлкен. Даму ақаулары, мерзімінен бұрын босану, су тапшылығы, плацентаның жеткілікті мөлшерде қалың болмауы бұл шарананың өмір сүруге қабілетте емес болғанын білдіреді, - деп қорытынды жасады сарапшы.

Оның айтуынша, шаранада тыныс алу да, жүрек соғысы да болмаған, бірақ кейін бұл көрсетілімдер өзгертілген.

- Олар кіндігінде лүпіл болды дейді, бірақ ол жатыр қабырғасына жабысып тұрғанда ғана болуы мүмкін. Одан бөлінгеннен кейін лүпіл болуы мүмкін емес. Ал үкім шығару кезінде санитардың айғақтарына сүйене отырып, осы фактор ескерілген. Ол шарананың санитарлық бөлмеде 2 және 6 сағаттан кейін белсенді қозғалыста болды деп сипаттады. Алайда медбике медицина қызметкері емес, - деді ол.

Тәуелсіз сот-медицина сарапшысы, ҚР Республикалық сот сарапшылары палатасының мүшесі Тахир ХАЛИМНАЗАРОВ  екі рет БҚО мен Қарағандыда өткізілген сот-медицина сараптамасының кемшіліктерін атап өтті. Олардың қорытындысы бойынша баланың өлу себептері әртүрлі. Біріншісінде ішкі органдардың жетілмегендігіне байланысты тыныс алу жетіспеушілігінен өлді десе, екіншісінде мұздатқышта жабық кеңістікте өлген дейді. Халимназаровтың пікірінше, екі қорытынды да шындыққа сәйкес келмейді.

Бектұрған ҚАРИН

Дәрігер-неонатолог Бектұрған ҚАРИН өкпеде ауа болуы мүмкін жағдайлардың болатынын және бұған әртүрлі факторлардың: сақтау шарттарының, зерттеу жүргізу ережелерін сақтаудың  әсер ететінін атап өтті.

- Қазір бүкіл әлемде сәбидің өлі немесе тірі болып туылғанын дәлелдейтін бірде-бір сенімді сараптама жоқ. Тек бүкіл зерттеу әдісін және куәгерлер берген деректерді салыстыру арқылы ғана соңғы үкімді шығаруға болады. Бұл дәрігерлер қаншалықты әділ жазаланып отыр? Бәлкім, сәби шынымен өлі туылған шығар? Ал патоморфологиялық зерттеулер жалған-оң нәтиже берді ме? Тағы қандай зерттеулер ұсынылады? Мәйітті рентгенологиялық зерттеу, патоморфологиялық ашудан бұрын мәйіттің КТ, МРТ зерттеуі. Бұл жерде сот-медициналық сараптама нәтижелері күмән тудырады, ал бұл дәрігерлердің өздері мен олардың балаларының, отбасыларының тағдырына әсер етеді, - деп мәлімеді дәрігер.

Олардан кейін адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ сөз алып, үкім шығару кезінде пікірлері ескерілу үшін дәрігерлерде ақталуға бірде-бір мүмкіндік қалмағанын баса айтты.

- Менің қолымда ресейлік және қазақстандық мамандардың, акушер-гинекологтардың, дәрігер-неонатологтардың, әртүрлі сарапшылардың, соның ішінде салалық мамандардың қорытындылары бар, бұл үкімді заңсыз деп санауға толық негіз береді, - деді адвокат.

Дәрігерлердің әлеуметтік желіде тараған әңгімесінің аудиожазбасына келер болсақ, Жолболов бұл жазбаның арнайы монтаждалғанын айтты. Оның айтуынша, әңгімелесудің жалпы ұзақтығы 2,5 минут, бірақ сотқа тек 1,5 минуттық әңгіме ұсынылған. Ол апелляциялық шағымды қарау кезінде сотқа толық жазбаны ұсынбақ.

Еске салсақ, осы жылдың 18 қаңтарында Атырауда жаңа туған нәрестені алдын-ала сөз байласу арқылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталды орталық дәрігерлеріне сот үкімі жарияланды.

Сот кінәлі деп тауып, перинаталды орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВТЫ 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар ҚАЙЫРЖАНДЫ 16 жылға, акушер Жәмила ҚҰЛБАТЫРОВАНЫ 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.

Неонатолог дәрігерлер Руслан НҰРМҰХАМБЕТОВ пен Дариға ЖҰМАБАЕВАНЫ жасалған қылмысты хабарламағаны үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығын шектеу үкімін кесті.

Ал қазір Атырау облыстық сотында сотталған дәрігерлердің апелляциялық шағымы қаралып жатыр.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

22 маусым 2021, 20:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.