Атырау, 18 желтоқсан 20:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Назарбаев: Басқа ұйымдармен ықпалдастықты нығайту ЕҚЫҰ басты міндеті болып табылады

5 199 просмотра

Қарама-қайшылықты шешу, сенім мен ықпалдастықты нығайту таяудағы он жылға ЕҚЫҰ басты міндеті болып табылады, деп есептейді Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біздің пікірімізше, алдағы онжылдықта ЕҚЫҰ басты міндеті болып, қарама-қайшылықты жоспарлы шешу, сенім мен ықпалдастықты нығайту, оның ішінде әрекет ететін мемлекетаралық ұйымдар аясында», - деді Назарбаев Астанада ЕҚЫҰ саммитінде сөйлеген сөзінде.

Ол, Астанадағы саммит ЕҚЫҰ келешегі мен ғаламдық қауіпсіздікті талдау үшін жақсы мүмкіндік болып табылады деп есептейді. «Қырғызстандағы өзекті саяси дағдарыс Орталық Азиядағы жаңа шиеленістерінің  катализаторы болуы мүмкін еді. Біз АҚШ, Ресей, басқа әріптестермен осы елде тұрақтылықты орнату мен шиеленістің күшеюін болдырмау үшін ЕҚЫҰ барлық құралдарды тиімді пайданды», - деп мәлімдеді Қазақстанның басшысы.

newskaz.kz

 

Литва ЕҚЫҰ саммитіне төраға ретінде   cозылмалы шиеленістерді шешуде жылжуларға қол жеткізуге ниетті

Литва ЕҚЫҰ саммитіне төраға ретінде   cозылмалы шиеленістерді шешуде жылжуларға қол жеткізуге ниетті, деп мәлім етті Литва Республикасының президенті Даля Грибаускайте.

«Біз ішкі және сыртқы проблемалардың бар екенін көріп отырмыз, ғаламдық проблемалар, 21 ғасырдың проблемалары бар, дегенмен біз жіберіп алған  созылмалы шиеленістер сияқты ішкі проблемаларды да шеше алар едік», деді Грибаускайте Астанада бейсенбіде өтіп жатқан ЕҚЫҰ саммитінің екінші күні сөйлеген сөзінде.

«Олардың қаншалықты ауыр екендігін бірқатар мемлекеттер көрсетті, менің ойымша біздің Ұйым (ЕҚЫҰ) бұл жерде көмек көрсетуге дәрменді, біз Молдавия, Грузия, Таулы Қарабах бойынша прогресске қол жеткізуге көмек көрсете аламыз», - деп жалғастырды ол.

Грибаускайте келесі жылы ЕҚЫҰ төрағалық барысында Литва «бұл мәселелерді шешуде жылжуларға қол жеткізу үшін бұл елдермен ерекше қарым-қатынас орнатып, тараптарды тыңдауға» тырысатынына уәде берді.

newskaz.kz

3 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.