Атырау, 17 қараша 12:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

​"Зейнетақы қорындағы ақшаға қалай үй алуға болады?​". "ЖСН дерегіңізді кез келген адам көре алады. Бұл несімен қауіпті?​". "Украина Қырымды "Ресей аумағы" ретінде көрсеткен BBC картасына наразы болды​".

47 509 просмотра

NEGE.KZ. «Нұржан Әлтаев қазақтың Навальныйы бола ала ма?» - «Билік партиясының абыройына кір жұқтырды» деп қатардан шығарған Нұржан Әлтаев халықтық балама үкімет құруды көздеп отыр. Оның пікірінше, балама үкімет, яғни оның балама министрлері ведомстволық нормативтік актілерді, заң жобаларын талқылап, сараптамақ.

«Зейнетақы қорындағы ақшаға қалай үй алуға болады?» - Nege.kz авторы зейнетақы қорындағы қаржысына қалай үй алуға болатынын зерттеп көрді. Зерттеудің соңы немен аяқталды?

«Нөлден төмен. Коронавирус құлатқанды неге тұрғыза алмай отырмыз?» - Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі минус 50 пунктке құлдыраған. Соңғы айларда өсуі тиіс еді, бірақ төмендеп барады.

AZATTYQ.ORG. «ЖСН дерегіңізді кез келген адам көре алады. Бұл несімен қауіпті?» - Қазақстанда әр адамға жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) дейтін 12 таңбалы әмбебап сан беріледі. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ел арасында "РНН" және "СИК" деп аталған екі құжат жарамсыз деп танылып, оны ЖСН алмастырған. Мемлекеттік мекемеге не банкіге барғанда ЖСН-ді айтсаңыз оператор бүкіл дерегіңізді көре алады. Осылайша жұрт қаптаған құжат жинаудың әуре-сарсаңынан құтылғандай болған. Бірақ адамның дербес дерегін қолға түсіру аса қиындық туғызбайтыны алаяқтарға жол ашып, жеке өмірге қол сұғуды жеңілдетеді.

«Украина Қырымды "Ресей аумағы" ретінде көрсеткен BBC картасына наразы болды» - Украина британдық BBC ақпарат агенттігінің Мәскеу аннексиялап алған Қырымдағы екі қаланы "Ресей аумағы" ретінде көрсеткеніне наразы болды. Британдық ақпарат агенттігінің Орыс қызметі 23 қаңтарда Ресейдің түрлі аймағында Кремль сыншысы Алексей Навальныйды қолдап шыққан тұрғындар наразылығын картаға түсірген. Онда наразылық Ресейдің 122 қаласын қамтығаны, арасында Қырымдағы Симферополь мен Севастополь де бар екені көрсетілген.

«"Олай болса, бізге жұмыс тауып бер". Тәжікстан бордель иесі мен сутенердің баласын тартып алмақ» - Тәжікстанда жезөкшелікке тоқтау салу үшін сутенерлер мен жезөкшелер үйін ұстайтын адамдарды ата-ана құқығынан айыру туралы заң жобасы қаралып жатыр. Жобаны сынаушылар жезөкшелікті тоқтатудың бір амалы – жоқшылық кесіріснен осы жолға түсуге мәжбүр болған әйелдерді жұмысқа орналастыру екенін айтады.

«"Жұдырығы бетіме тиді". Белсенді олимпиада чемпионының үстінен арыз жазды» - 10 қаңтарда парламент сайлауы күні алаңға шыққан белсенді Әйгерім Төлеужан боксшы Ермахан Ибраимовтың үстінен арыз жазды. Белсенді спортшының қолы "бетіне тигенін" айтады. Ибраимов бұл хабарға қатысты комментарий бермегенімен, наразыларды "арандатушылар" деуінен танбай келеді.

«"Солтүстік Кореяға айналып барамыз". Салық органдары екі ҮЕҰ қызметін үш айға шектеді» - 25 қаңтарда салық органдары Қазақстандағы екі үкіметтік емес ұйымның жұмысын үш айға шектеп, айыппұл салды. Қызметі шектелген Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюро мен "Халықаралық құқықтық бастама" ұйымы елде құқық қорғау мәселелерімен айналысады. Бұған дейін сайлауға бақылау жүргізетін "Эхо" бірлестігінің де жұмысы үш айға шектелген. Тағы он шақты тәуелсіз ұйым салық органдарының шешімін күтіп отыр.

SPUTNIK.KZ. «Мақпал Жүнісова"Өлтіріп тастаймыз деген": Заманбек Нұрқаділовтің қарындасы Жүнісовадан көмек сұрады» -Заманбек Нұрқаділовтің туған қарындасы, екінші топтағы мүгедек 71 жастағы Рая Қалабаева көмекке зәру. Қарияның қызы қандай қиындыққа тап болғанын айтып берді

«Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты» - Биыл бюджет саласындағы бір миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі. Бұл туралы премьер министр Асқар Мамин мәлімдеді.

«"Бәріміз бір қазақтың баласымыз": ең жас депутат өзін сынағандарға жауап берді» - Ахметов алдағы уақытта қоғамдағы өзекті мәселелер мен жастардың жағдайын жақсартуға қатысты сұрақтарды көтеріп, шешілуін қадағалайтынын айтты. 25 жасында мәжіліс депутаты атанған Мәди Ахметов елордаға қоныс аударғанын, ортаға бейімделіп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар жаңа қызметіне байланысты сын айтқандарға жауап берді.

FORBES.KZ. «Тығырықтан шығар жол: Берч пен Руссельден нұсқаулық» - Сән индустриясының премиум сегментінде ақырзаман тықыры сезіле бастаса керек. ХХІ ғасырда бой түзеген ең ірі бөлшек сауда желісінің біріне иелік ететін Тори Берч (Американың self-made саласындағы ең ірі кәсіпкер), пандемия жағдайында тығырықтан шығар жол іздеп, компанияны құтқару шараларын жүзеге қалай асырғанын Forbes басылымына іштей көрсетіп, ашық әңгімелеп берді.

NUR.KZ. «22 жыл пәтер жағалаған Нұрқаділовтің туған қарындасы елден көмек сұрады» -  Белгілі мемлекеттік қайраткер марқұм Заманбек Нұрқаділовтің туған қарындасы елден көмек сұрады. Екінші топтағы мүгедек Рая Қалабаева Алматы облысы Шонжы ауылында қуықтай бөлмені жалдап тұрады. Қызының айтуынша, 2018 жылы жасалған күрделі отадан кейін анасы ақыл-есін жоғалтқан. Ал қазір мүлде төсек тартып жатыр деп хабарлайды Уақыт көрсетеді арнасындағы "Ит өмір" бағдарламасы. 

26 қаңтар 2021, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.