Атырау, 5 желтоқсан 13:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысында сегізінші бас санитар дәрігер тағайындалды

3 458 рет қаралды

Бүгін, 6 қаңтарда Атырау облысында жаңа бас санитар дәрігер - санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды. Ол - Батыс Қазақстан облысының тумасы Мәдениет ТАНАУОВ.

М.Танауов 1971 жылы туған, 1997 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ді (санитариялық-гигиеналық факультет) бітірген. Осы тағайындауға дейін ол Орал қаласының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеді.

Одан бұрынғы санитар дәрігер Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ өзінің бұрынғы қызметіне - Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары лауазымына оралды.

Естеріңізге салсақ, бұл өңірімізде COVID-19 пандемиясы басталғалы тағайындалған сегізінші бас санитар дәрігер.

Айнұр САПАРОВА

6 қаңтар 2021, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.