Атырау, 18 желтоқсан 15:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"500 миллиондық» қылмыстық іс: Қол кімдікі?". "Ресейлік депутат: Қазақстан Ресейге территориясын қайтарып беруге тиіс". "Қазақстаннан неге кеттім?". "Путин айтқан тарих. Ресей Сталинград шайқасының куәгерлерін тергеуге көшті".

18 422 просмотра

NEGE.KZ.  «500 миллиондық» қылмыстық іс: Қол кімдікі?» - Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың істі болғанына да бір ай толыпты. Біртановты алдымен тергеу изоляторына қамап, екі күннен соң үйқамаққа шығарды.

«Оразалин отставкаға кете ме?» - 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық соты Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары Руслан Мамуновтың қылмыстық жолмен тапқан дүние-мүлкін тәркілеп, 12 жылға бас бостандығынан айырды. Мамунов жазасын қауіпсіздігі орта деңгейдегі қылмыстық-түзеу мекемесінде өтейтін болды.

«Ұлттық аударма бюросына» қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?» - Соңғы кездері «Ұлттық аударма бюросына» қатысты түрлі алыпқашпа әңгімелер көп айтылып жүр. «Әне-міне жабылуы мүмкін» деген сөзді де құлағымыз шалды. Бюроға қатысты мәселе тіпті Сенатта да сөз болды.

«Онлайн оңай емес. «Удаленкада» отырғандарға НЕГЕ салық салынуы мүмкін?» - Deutsche Bank сарапшылары «қашықтықтан жұмыс істеп отырғандар салық төлесе, экономика балансы реттеледі» деген пікірде. Ал біздің сарапшылар ондай теорияның Қазақстанда жұмыс істемейтінін айтады.

AZATTYQ.ORG«Путин айтқан тарих. Ресей Сталинград шайқасының куәгерлерін тергеуге көшті» - Ресейде Екінші дүниежүзілік соғыстағы әйгілі Сталинград шайқасының куәгерлерін тергеуге шақырта бастады. Билік тергеу Совет одағының нацистік Германияға қарсы соғыстағы рөлін көрсету үшін керек десе, егде тартқан куәгерлердің туыстары мұндай іспен тергеушілер емес тарихшылар айналысуы қажет дейді.

«"Бір тиын алмадық". Арыс кәсіпкерлеріне жарылыстан бүлінген мүлкіне өтемақы бермеді» - 2019 жылы Түркістан облысы Арыс қаласында әскери оқ-дәрі қоймасы жарылып, ондағы снаряд мыңдаған үй мен ғимаратты бүлдірді. Төрт адам қаза тауып, қала тұрғындары үй-жайын тастап көшуге мәжбүр болды. Үкімет апат салдарымен күрес жөнінде үлкен науқан бастап, бар-жоғы бір айдан соң қала 90 пайызға қалпына келді деп мәлімдеді. Бірақ содан бері 1,5 жыл өтсе де, елуге жуық кәсіпкердің бүлінген мүлкі әлі жөнделмеген. Арысқа арнайы барған Азаттық тілшісі кәсіпкерлермен сөйлесіп, мәселенің мән-жайын анықтап көрді.

«Қазақстаннан неге кеттім?» - Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында бір сөзінде қазақстандықтардың шетелге көшіп жатқанын естігенде "уайымдайтынын" айтты. Ал шетелге кеткендердің арасында өкінетіндер бар ма? Қазақстанда туып, өзге елге кеткендер қандай жетістікке жетті? Неден ұтты, неден ұтылды? Қазақстанға қайта оралғысы келе ме?

«Қазақстан элитасының "үнсіздігі", қауіпсіздік сертификаты және интернетті бақылау талпынысы» - Осы аптада шетелдік басылымдар қазақстандық элитаның Financial Times газетінде жарияланған Құлыбаевқа қарсы айыптауларға қатысты ешқандай пікір білдірмегені туралы жазды. Батыс басылымдары сондай-ақ Қазақстан үкіметінің қолданушылардың интернет-трафигін бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін "қауіпсіздік сертификатын" орнату бастамасын үшінші рет көтергеніне назар аударды.

QAMSHY.KZ. «"Кеспеген ағашты кестің деп бір миллион теңгелік тракторымды тәркіледі"» - Қамшы редакциясына Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылының Табысбек Кангилда есімді тұрғыны хабарласып, "аудандық сот өзін негізсіз жауапкершілікке тартып отырғанын" жеткізді. Тұрғынның айтуынша, шіріп құлап жатқан теректі отынға алып кетпек болғанында, полицейлер "ағашты заңсыз кестің" деп айыптап, үстінен әкімшілік іс қозғаған.

«Британиялық БАҚ: Қытай Ұлыбританияны жазалайды» - "Қытай Австралияны жазалағандай еш ойланбастан Ұлыбританияны да жазалайды" деп хабарлады Дейли Мейл, The Independent сияқты басылымдар. Британиялық БАҚ-тардың жазуынша, Брекситтің Бейжіңмен еркін сауда келісімі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

«Ресейлік депутат: Қазақстан Ресейге территориясын қайтарып беруге тиіс» - Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Евгений Федоров "Беларусь инфо" уoutube арнасына берген сұқбатында "Қазақстан Ресейге өз аумағын қайтаруға тиіс" деген мәлімдеме жасап, әріптесі Вячеслав Никоновтың айтқаны дұрыс екенін жеткізді.

14 желтоқсан 2020, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.