Атырау, 26 сәуір 21:57
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

3 942 просмотра

Түркістанда жастар арасында баскетболдан Қазақстанның күзгі U-17 чемпионаты өтті. Жарысқа 14 команда қатысып, «Атырау барыстары» командасының жастар құрамы чемпион атанды.

Біздің жас баскетболшылар бес матчтың бәрінде де сөзсіз жеңіске жетті: «Шымкентпен» - 59:26, «Оралмен» - 82:38, «Қызылордамен» - 91:42, «Рахатпен» - 63:34, «Түркістанмен» - 79:56.

«Барыс» құрамындағы Тимур Тангиев үздік ойыншы деп танылды.

* * * * *

Шымкентте ерлер мен әйелдер арасында бокстан ел чемпионаты өтті. Рингте атыраулық 18 спортшы жұдырық түйістіріп, қоржынға 1 күміс пен 2 қола алқа салды.

75 келіге дейінгі салмақта 20 жастағы Райс Нұрқанат финалға дейін жетіп, ҚР құрамасының бірінші нөмірлі спортшысы Әбілхан Аманқұлға жол берді.

52 келіге дейінгі салмақта Олжас Байниязов жартылай финалда чемпион болған Сархан Мармудқа есе жіберіп, қола алқа алды. 57 келіге дейінгі салмақта атыраулық Назым Ишанова тыйым салынған препаратты қолданғаны үшін 2 жылға спорттан шеттетілгеннен кейін алғаш рет өнер көрсетіп, қола алқаға қол жеткізді.

* * * * *

Қостанайда жастар арасында ұлттық жекпе-жектен ҚР чемпионаты өтті. 2 алтын, 3 күміс және 5 қола алқа алған Атырау облысының құрамасы командалық 5-орынға ие болды.

Дәулет Бердияров пен Замир Нұржанов ел чемпионы атанса, Мейрамбек Айғалиев, Мәди Сұңғатолла және Айбар Секенов күміс алқа, Арсен Ризуанов, Ернар Сағынтаев, Ернат Нұрлыбекұлы, Асылан Тілекбаев пен Алтынбек Мұратұлы қола алқалар алды.

* * * * *

Шымкенте жасөспірімдер мен жастар арасында муай-тайдан Қазақстан чемпионаты өтті. Атырау облысының құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 8 қола алқа алып қайтты.

Арсен Бисенбиев, Арсен Маратұлы, Әлихан Амантай және Мақсат Жандос чемпион атанды.

3 желтоқсан 2020, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.