Атырау, 18 желтоқсан 14:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Тасмағамбетовтың саясаттан кетуі "күтпеген сый" болды ма?". "Байден мен Путиннің сөз қағысуы: Байден Ресейге қандай саясат ұстануы мүмкін?". "Латын әліпбиіне көшу – орыс әлемінен шығуды білдіре ме?". "Жастарды сәләфизмнен қалай сақтаймыз?".

20 879 просмотра

QAZAQTIMES.COM. «Дональд Трамп билігінің 4 жылы: «Америка бірінші» лозунгының саясаттағы орны» -  Саясатқа кәсіпкер ретінде келген Дональд Трамп енді АҚШ-тың экс-президенті (2016-2020 ж). Төрт жылдық жоспарларына қарап, Трампты Рейган және үлкен Буш сияқты ескі гвардия президенттерімен салыстыруға болады. Ал эксцентрик ретінде ол кіші Бушқа ұқсас. 

«Беларусь билігі наразыларды күшпен ұстауын жалғастыруда» - Беларусь билігінің саясатына қарсы наразылық шерулері үш айдан бері жалғасып келеді. Жексенбіде Минск орталығында өткен санкцияланбаған «Демократия шеруі» кезінде полиция белсенділерді күшпен ұстады.

«Қарабақ соғысы тоқтады: Баку мен Ереван келісімге келді» -  Әзірбайжан, Армения және Ресей Таулы Карабақтағы әскери қимылдарды тоқтату туралы келісімге қол қойды. Уағдаластық бүгіннен бастап күшіне енді.

«Қытай-Аустралия сауда соғысы: Аустралиялық өнімдерді шектей бастады» -  АҚШ-Қытай сауда соғысы өз алдына, енді Қытай мен Аустралия арасында да сауда соғысы қыза түсуде. Қытай Аустралиядан импорт етілген өнімдерге шектеуді күшейте бастады.

«Байден мен Путиннің сөз қағысуы: Байден Ресейге қандай саясат ұстануы мүмкін?» - АҚШ-тың сыртқы саясатын бір ғана президент белгілей алмайды және Уашингтонның сыртқы саясаты Қытаймен ғана шектелмейді. Десе де, Құрама Штаттар Қытай мен Ресейді өзінің стратегиялық қарсыласы деп ашық атап қойған. Сондықтан да әлем жұртшылығы Ақ үй басшысының Мәскеу және Бейжіңмен қарым-қатынасына баса назар аударады. Олай болса Жо Байден президент болса Путинмен мәмілесі қандай болмақ?

ABAI.KZ. «Соғыс бітті. Кім жеңді, кім жеңілді?..» - 27 қыркүйектен басталған Таулы Қарабақтағы соғыс бүгін аяқталды. Армения билігі жеңілісті мойындаған және осы күнге дейін Әзербайжан әскері қайтарып алған территориялар Әзербайжанның бақылауына өтетініне келіскен. Әзербайжан, Армения және Ресей президенттері үшжақты келісімге келіп, әрі қарай дауды бейбіт жолмен шешу туралы мәмілеге қол қойған.

«Пашинян жеңілгенін мойындады...» - Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжан және Ресей президенттерімен бірге Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғанын айтты. Оның айтуынша, бұл ол үшін өте қиын шешім болды.

«Латын әліпбиіне көшу – орыс әлемінен шығуды білдіре ме?» - Латын әліпбиіне көшу орыс тілінің ықпалын азайтып, ығыстыра алады ма? Латын әліпбиіне көшу – орыс әлемінен шығуды білдіре ме? Егер әліпби ауыстыру мемлекеттік тіл мен ресми тіл мәселесі арасындағы тіл үстемдігі мәселесін шеше алмаса, әліпбиді ауыстырудың қандай маңызы бар?

«Жастарды сәләфизмнен қалай сақтаймыз?» - Мақалада сәләфизмге қарсы қазақ дүниетанымындағы ортодоксальды Исламның құқықтық аспектілері қарастырылған. Автор Қазақстан Республикасының ұлттық руханиятына қатер төндіретін және Ислам дінін жоюға бағытталған діни экстремизм мен терроризмге қарсы қызметтердің тиімді механизмдерін реттейтін кейбір нормативтік-құқықтық актілерге дінтанулық талдау жасаған.

«Джо Байден немесе Солтүстік ағын-2» -  Байденнің Ресейге, Украинаға, Белоруссияға саяси ұстанымы қандай болмақ? Батыстық аналитиктер Байденнің ұстанған саясаты Трамптың саясатына мүлдем ұқсамайды деп болжауда. Жаңа көшбасшы Ресейге, Украинаға, Белоруссияға жаңа, тың форматтағы прагматикалық жоспарымен қарым-қатынаста болады. Трамп сияқты Ресейдің ығына жығылып кетпейтініне сенімді. Украиналық кейбір саяси сарапшылар Трампты «подкупленная фигура» деп атады. 

QAMSHY.KZ. «Тасмағамбетовтың саясаттан кетуі "күтпеген сый" болды ма?» - Зейнет демалысындағы саясаткер, мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың Қазақ әдебиеті газетінде белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлымен болған сұхбаты шықты. Тасмағамбетов зейнет демалысының қалай өтіп жатқанын айтып, руханият жайлы ойларымен бөліскен.

«"Біртанов Венаға қашып кетуі мүмкін". Біртанов былығы немесе бейкүнәлығы» - Бүгін экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үй қамаққа алынғаны хабарланды. Бұған дейін "ол аса ірі көлемде ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істе күдікке ілінгені мәлім болған.

«Бразилия бас тартты: Қытай вакцинасы қауіпті ме?» - Sinovac вакцинасы әлем бойынша сынақтың соңғы сатысынан өтуде. Бразилия Қытайдың коронавирусқа қарсы вакцинасын сынақтан өткізуді тоқтатты. 29 қазанда вакцинаның ауыр салдары анықталған. Алайда нақты қандай салдары бар екені нақтыланбады.

«Екі жерде екі» қазақша қалай жазылады?» - «2 x 2 = 4» деген қағида қазақ клавиатурасымен «әчәһң» деп жазылады. Бораттың қылжағын қайталағаның не деп өкпелемеңіз. Бұл жерде ешқандай қалжың жоқ. Цифрлы Қазақстанды қазақ цифрсыз жасап жатыр.

NUR.KZ. - «"Өте қиын шешім қабылдадым": Пашинян Қарабақ соғысы аяқталғанын мәлімдеді» -  Арменияның премьер-министрі Ресей мен Әзірбайжан басшыларымен Таулы Қарабақ бойынша келісімге келгендері туралы мәлімдеді. Мәлімдемеге сәйкес, аталмыш аймақ үшін соғыс тоқтатылмақ. 

10 қараша 2020, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.