Атырау, 18 желтоқсан 15:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"​Шенділер шайқасы: Әзірге Антикор алып ұрды...​". "Трамп VS Байден: Екеуара тартыс қыза түсті​". "Сотталды, елден қашты, президент болды. Қырғызстанның экс-премьерлері қайда жүр?​". "Кадыров: Дін туралы айтпа, Жириновский!​".

16 943 просмотра

NEGE.KZ. «Соғыс пен үлкен бизнес: Армения неге Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын атқыламайды?» - Таулы Қарабақтағы соғыс отының тұтанғанына айдан асты. Армения күні бүгінге дейін Әзірбайжанның бірқатар шекаралас қаласы мен ауданын зымырандармен, снарядтармен, кассеталы бомбамен атқылауда. Әзірбайжан тарабы армян әскерилерінің осындай шабуылының салдарынан жүз қаралы бейбіт тұрғынның көз жұмғанын хабарлады.

«Трамп VS Байден: Екеуара тартыс қыза түсті» - Бірі Ақ үйдің қазіргі басшысы Дональд Трамп. Ол Республикалық партияның өкілі. Бұл ұйымның соңғы жылдардағы ұстанымы салықты азайту, қаруды ұстау құқығын қолдау және көші-қонға қатысты қатаң шектеулер енгізу. Шалғай өңірлерде қолдаушылары көп. Республикалық экс-президенттердің қатарында Рональд Рейган мен Джордж Буш бар. Екінші үміткер Джо Байден.

«Адам ағзасын заңсыз трансплантациялаған дәрігерге қандай үкім шықты?» - Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам ағзасын заңсыз ауыстыруға қатысты істі қарады. Нұр-Сұлтан қалалық сотының мәліметінше, Б.Тайсалованың 2017-2018 жылдары аралығында Қазақстандағы шетелдік компанияның мүдделерін білдіре отырып, қазіргі уақытта халықаралық іздеуде жүрген адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткені анықталды.

«Шенділер шайқасы: Әзірге Антикор алып ұрды...» - Нұр-Сұлтанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикор) Ішкі істер министрлігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты аса бір қызықты істі тергеуді бастаған. Бұл қандай іс?

ADYRNA.KZ«Сапасыз аста ажалдың «дәмі» бар» - Қазақ «Ауру – астан» деп тегін айтпаса керек. Қазіргі таңда дұрыс тамақтанбау салдарынан елімізде өлім-жітім көп орын алуда.

«Тауықты сорпаға айналдыратын заң» - Мәжілісте Экологиялық кодекстің кейбір нормаларына қатысты талқылау жиыны өтті. Экологияға қатысты бұл қандай жаңа кодекс дерсіз. «Бақсақ, бақа екен» демекші, мәжілістің  талқылауына ұсынылған бұл заң номалары экологияны қорғауға арналған құжат көрінеді. Дұрыс, экологияны қорғау, ластануына жол бермеудің түрлі тетіктерін іске қосқанымыз оң шаруа.

«Q net-ке күйгендер...» - Дәл бүгін Талдықорған қаласының қақ ортасына Q net туристік компаниясына күйген, күйреген,  алданған адамдардың легі  жиналған екен. Олар аталмыш компанияға қарызданып, қауқаланып жатып, несие алып, бала-шағаның аузынан жырып беріп, 850 000 теңгесін құйып кірген көрінеді. Орталыққа жиналған алданған адамдардың айтуынша, 10 есе, тіптен 100 есе етіп қайтарып берудің орнына қаражаттарының шетін де көрсетпеген.

AZATTYQ.ORG. «Жээнбековке экс-президент мәртебесін берген Жапаров: "Екеуін қудық, біреуін қамадық"» - Ош тұрғындарымен кездесу кезінде Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Сапар Жапаров Сооронбай Жээнбековке экс-президент мәртебесін бергенін хабарлады. Оның сөзіне қарағанда бұған қарсылар да болған.

"Журналист қызметінің маңызын не қоғам, не билік түсінбейді" - Әлемде кейінгі 12 жылда мыңнан астам журналист өлтірілген. ЮНЕСКО дерегінше, журналистерді өлтірген қылмыскерлердің 90 пайызы мүлде жауапқа тартылмаған. 2 қараша – Журналистерге қарсы қылмыс жасағандарды жазасыз қалдырмау бүкіләлемдік күніне орай Азаттық Журналистерді қорғау комитетінің (Committee to Protect Journalists – CPJ) Еуропа және Орталық Азия бойынша бағдарламасының жетекшісі Гульноза Саидпен сөйлесіп, Қазақстан мен өңірдегі журналистердің жағдайы, бұл кәсіптің қоғамда неге лайықты бағаланбайтыны туралы пікірін білді.

«Сотталды, елден қашты, президент болды. Қырғызстанның экс-премьерлері қайда жүр?» - Орталық Азияда үкіметі жиі ауысатын Қырғызстан премьер-министрлерінің кейбірі кейін президенттікке жетсе, кейбір экс-премьер сотталған. Елден кетіп, халықаралық іздеу жарияланғандары да бар.

DALANEWS.KZ. «“Өзінен көрсін…”. Әлиев қазақ, өзбек, қырғыз өкілдерін шақырып Пашинянға үн қатты» - Әзірбайжан президенті өз сөзінде армян фашизмін “бесігінде тұншықтыру” қажеттігін айтып, әзірбайжан халқын айыптағандарға жауап қатты. Оның атап өткеніндей Әзірбайжан әскері атажұртын басқыншылардан азат етуде.

«Ақжолдықтар» жауап берсін! Қаңқу сөз рас па?» - Тәжрибелі дипломат, белсенді блогер Қазыбек Бейсебаев өзінің Фейсбуктағы парақшасында алдағы уақытта жергілікті жерлерде өтетін Мәслихат сайлауына Nur Otan партиясының үміткерлерінен басқа, сайлауға өзін-өзі ұсынушылардың мүлде болмай қалу қаупі пайда болғанын айтты. Сондай-ақ, ол еліміздегі саяси тұйықталу абырой әпермейтінін де тілге тиек етіпті.

QAMSHY.KZ. «Кадыров: Дін туралы айтпа, Жириновский!» - Шешенстан президенті Рамзан Кадыров пен Ресей либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский арасында дау туды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр.

«Макрон: Франциядан кейін Австрия еліне шабуыл жасалды» - 2 қараша түнде белгісіз адамдар Австрия астанасы Венаның орталығында шабуыл жасамақ болып, оқ атты. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмып, бір жәбірленуші ауруханада қайтыс болды және 15 адам жарақат алды. Шабуылдаушының бірі сонда мерт болса, қалғандары қашып кеткен. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады.

3 қараша 2020, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.