Атырау, 18 желтоқсан 14:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

​"Борат тудырған боран офшорға жасырылған капиталды теңселте ме?​". "Беларусьтегі жалпыхалықтық ереуіл: Билік наразыларға күш қолданды​". "Шенеуніктердің бай әрі табысты балалары​". "Кімге ренжиміз?​". "Байдың малын байғұс қызғана ма?​".

17 224 просмотра

QAZAQTIMES.COM. «Беларусьтегі жалпыхалықтық ереуіл: Билік наразыларға күш қолданды» -  Беларусьтегі жалпыхалықтық ереуіл. Фото: АР Кеше Беларусьте жалпыхалықтық ультиматумның мерзімі аяқталып, билікке қарсы жаппай ереуіл басталған. Әдеттегідей, ел билігі бүкілхалықтық ереуілге шыққандарды күшпен таратуға барын салды. 

«Трамп пен Байденнің айтысы: Путиннен ақша алған кім?» - АҚШ-тағы президент сайлауға бір аптадан аса уақыт қалды. Қазіргі президент Дональд Трамп пен Домократтардың үміткері Жоу Байден үгіт-насихаи кезеңіндегі соңғы пікірталасын өткізді. Алдынғы пікірсайыстағыдай тараптар бір-біріне есе бермей егерлеспес үшін, бұл рет екі талапкердің де микрофондары белгілі тәртіппен қосылып тұрды.

«Қашқар қаласының 4,7 млн тұрғыны коронавирусты анықтау тестінен өткізілмек» - Қытай қазір коронавирус анықталған жерлерде вирус жұқтырғандар саны аз болғанына қарамастан жаппай анықтау тестін өткізу стратегиясын қолданып келеді. Қазанның бас шенінде 9 млн халқы бар Чиңдау қаласында, мамырда 11 млн халқы бар Ухан қаласында жаппай анықтау тестін өткізді. 

NEGE.KZ. «Қарыз күліп келіп, жылап қайтады. Үкімет НЕГЕ жарты триллион теңгеге «қораға» кірді?» - Өткен аптада Қазақстан қор биржасы дүр сілкінді. Алдымен әкімдіктер 200 миллиард теңге, одан кейін Қаржы министрлігі 40 миллиард теңге, ал артынан Ұлттық Банктің еншілес ұйымы 200 миллард теңгеге облигациялар орналастырды.

«Карта, ақша және Антикор. Тергеуші ұры ма?» - «Антикордың Алматы қалалық департаментінің тергеушісі «Ж» айғақ заттар сақталатын бөлмеден 300 мың доллар мен 100 мың долларлық әшекей бұйымдарды ұрлап, «Tenissi» букмекерлік конторасына ұтқызып жіберген. Айғақ заттардың бір бөлігі қайтарылмаған...».

QAMSHY.KZ«Шенеуніктердің бай әрі табысты балалары (рейтинг)» - Премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов телеграм-каналында экс және қазіргі жоғары лауазымды шенділердің бизнесте жүрген ең табысты балаларының рейтингін жариялады.

«Марат Тоқашбаев: Тоқаевтың саяси реформа жасай алмауының үш себебі бар» - Қоғам қайраткері, жазушы-публицист Марат Тоқашбаев Қамшы порталына сұхбат берді. Журналист әңгіме барысында қабылданғанына 30 жыл болған "Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Мемлекеттік егемендiгi туралы декларацияның" тарихи маңызы, 90 жылдардағы демократия жолындағы ұмтылыстар, Қазақстанның авторитарлық жолға түсуі, алдағы мәжіліс сайлауы және саяси реформалар туралы ойларын ортаға салды.

ALASHAINASY.KZ. «Кімге ренжиміз?..» - Қазақ қоғамында қызу талқыланған бүгінгі күннің аса өзекті мәселесі Борат болды. Боратқа ренжімес бұрын әуелі өзімізге келесідей сұрақтарды қояйықшы. Бұл жағдайға қалай жеттік? Не себеп? Кім кінәлі? Біз осындай қорлауға лайықпыз ба?

ZHASALASH.KZ. «Қызығы кеткен сайлау» - Әр сайлаудың өз қызығы бар. Бір сайлаулар ешқандай төтенше жағдай болмаса да мерзімінен бұрын өтіп, оппозиция «біз дайын емеспіз ғой, сендер жындысыңдар ма?» деп билікке бажырайа қарайды. «Иә, біз де сендер үлгере алмай қалатын шығар деп ойлап едік» деп билік те жымиған болады. Қызық қой! Журналистер бұрқыратып, сайлау туралы жаза бастайды.

"Байдың малын байғұс қызғана ма?" - Қазақстанның Ресеймен мұндай достығы құрсын. Одақтасымыздың рубліне байланған теңгеміздің рубльмен бірге күн сайын құлдырап жатқаны аздай, Ресей енді Қазақстанның көмірін Украинаға сатқызбай, біздің кәсіпорындар мен ондағы қарапайым жұмысшыларды табысынан айырып отыр, көпе-көрінеу. Мұндай шектеу енгізетін Ресейді қалайша дос демекпіз?

«Борат тудырған боран офшорға жасырылған капиталды теңселте ме?» - Белгілі комик Саша Барон Коэнның «Борат – 2» фильмінің сиквелі әлеуметтік желілерде біраз дүрбелең туғызды. Жалпы, Ресейдің кино сыншылары «актердің бұл жұмысы АҚШ-ты әжуалайтын «қисық айна» түрінде түсірілген» деген пікірде.

27 қазан 2020, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.