Атырау, 18 желтоқсан 15:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Таулы Қарабақты Ресейге қайтару керек – Жириновский". "Биылдан қалмайды-ау, Батьконың күні бітті". "Билет құны бір миллион теңге": Қазақстандық студенттер шекарадан жаяу өтуде". ""Борат-2" фильмінің трейлері жарыққа шықты".

17 027 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Таулы Қарабақты Ресейге қайтару керек – Жириновский» - –Таулы Қарабақ үшін Әзірбайжан жағында соғысуға Түркия дайын. Әзірбайжанның кез келген елдімекеніне жасалған шабуыл Түркияның елдімекеніне жасалған шабуыл деп қабылданады, – деді Түркия Сыртқы істер министрі мен Ердоған партиясының төраға орынбасары.  Мұндайда ресейдегі ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский қалай үндемей қалады? «Бұл дауға нүкте қою үшін Қарабақты Ресей құрамына қосып алу керек» деген мәлімдеме жасаған ол да жағаласып, ойынға араласты

«Биылдан қалмайды-ау, Батьконың күні бітті» - Лукашенконың билігі әбден әлсіреді. Халықтың күші күн өткен сайын арта түсуде. Беларусь жақта қызық оқиғалар болып жатыр. Кешегі Беларусь президенті сайлауындағы экс-кандидат мәртебесімен жүрген Светлана Тихановскаяның беделі енді әлемнің көз алдында республиканың басшысы дәрежесіне дейін бірақ көтерілді. Оны күні кеше Франция президенті Эммануэль Макрон тура президент деңгейіне тең дәрежемен қабылдады. Бірақ екеуінің нақты не жайында сөйлескені хабарланған жоқ.

«Көкқағаздың "көкбеттігі"» - Билік басындағылардың құр жұбатқаны болмаса, теңгенің құлдырауы бұқараға оңай тиіп жатқан жоқ.  «Американдық» ақшаның қас-қабағын күзетіп жүрген біздің валюта «көңіл күйін» түзете алмай әлек. Төбесінде тәуелсіздігі жоқ теңге бүгінге дейін 90 есе құнсызданған. Алғашқы айыналымға түскендегі теңгенің долларға қатынасы 4,69-ды құраса, қазіргі доллар бағамы 428 теңгені көрсетеді.

AZATTYQ.ORG. «"Бір жанұяның бес адамы опат болды". Қарабақтағы қақтығыстың бейбіт тұрғындарға тигізген зардабы» - Таулы Қарабақтағы Мартуни ауылының тұрғыны Александр Мелкумян өз үйінің маңындағы қан тамған жерде тұр. Этникалық армяндар тұратын бұл ауыл 27 қыркүйек күні артиллериялық снарядтардың сынығынан зардап шекті.

«Індет Қытайға наразылықты өршітті. Орталық Азия жұрты Пекиннен неге секем алады?» - АҚШ ғалымдары жаңа зерттеуінде Орталық Азияда наразылықтың күшейгенін айтады. Бұған басты себеп – коронавирус пандемиясының өршуі және Қытай ықпалының артуы.

«"Жемқорға жаққан, халық қарсылығын оятқан жоба". Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" жобасы жайлы жаңа кітап» - "Императордың жаңа жолы" деп аталған жаңа кітап Пекиннің "Бір белдеу – бір жол" жобасы жергілікті жерде нақты қалай жүзеге асып жатқанын саралайды. Америкалық сарапшы Джонатан Хиллман бұл жоба кей ел үкіметтерінің оң жамбасына келгенін, ал кей халықтың Қытайдан секемденуіне түрткі болғанын жазады.

«Праймериз, кокус, электоралды жүйе. АҚШ-тағы президент сайлауын қарапайым тілмен түсіндіреміз» - АҚШ президент сайлау жүйесінің көпшілік түсіне бермейтін ерекшеліктері бар. Үміткерлер біресе праймериз, біресе кокус дейтін науқанға қатысып жатады. Ал сайлау күні халықтың басым дауысына ие болған үміткер жеңіліп қалуы мүмкін. 

«"Советтік қуғынға ұшырағандарды ақтауға моральдық құқық керек"» - Қазақстан билігі совет кезінде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды "толық ақтап алу" туралы мәселе көтерді. Ал белсенділер мен құқық қорғаушылар билік әуелі бүгінгі саяси тұтқындарды ақтап, босатуы тиіс деп санайды.

AZATTYQ-RUHY.KZ. «Оккупанттар жерді босатпайынша, Әзірбайжанға көмек беруді тоқтатпаймыз – Ердоған Қарабақтағы қақтығыс жайлы» - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әлем лидерлерін екіжүзді деп айыптады. Ол мұны Түркия парламентінің күзгі сессиясын ашу кезінде Путин, Трамп және Макронға жауап ретінде айтып отырмын деді. Ол Кавказда тыныштық орнасын десеңдер, Әзірбайжан жерінен оккупанттар кетсін, бұл аймақтағы ұзақмерзімді тыныштықтың кепілі екенін айтты.

«Түркияда қанша қазақстандық турист жүр? Цой неге рейс санын шектеуді ұсынды?» - Туристік «Қамқор жүйесі» қорының директоры Асылхан Есіловтің Azattyq Rýhy тілшісіне берген мәліметінше, соңғы бір айда турист ретінде Түркияға барған қазақстандықтардың саны 11 мыңнан асқан.

«Онлайн оқудан дәстүрлі форматқа көшу қажет – сенатор» - 181-600 тұрғыны бар ауылдық жерлерде 5-11-сынып оқушыларына кезекші топ ашу керек. Егер балалар ары қарай да қашықтан оқи берсе, білім сапасы нашарлайды. Сенат отырысында депутат Алтынбек Нухұлы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа осындай депутаттық сауал жолдады.

NEGE.KZ. «Биіктігінен не пайда? «Абу Даби Плаза» авторлары коронавирустан НЕГЕ жеңілді?» - Біріккен Араб Әмірлігінің алпауыты, әлемдегі ең көрікті ғимараттардың бас мердігері «Arabtec Holding» құрылыс компаниясы жабылмақ. Қазір оның еншілес ұйымы Нұр-Сұлтандағы «Абу Даби Плаза» ғимараттар кешенінің құрылысын аяқтап қалды.

«Мина мен мұнай. Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстан Қазақстан НЕГЕ ештеңе ұтпайды?» - Баку мұнайлы өлке болғандықтан, қақтығыс салдарынан мұнай бағасы өседі деген үміт болған. Бірақ ол орындалмайтын сияқты. Брент баррелінің Нью-Йорктегі фьючерсі 42 доллардан аспай қойды.

«Құлдықтан» босағандар! НЕГЕ келесі жылы әрбір үшінші ипотека ертерек жабылады?» - Келесі жылы зейнетақы жинақтарын алатын азаматтардың біразы оны ипотекасын жауып тастауға жұмсайды. Жалпы ипотеканы ертерек төлеу тиімді ме?

STAN.KZ. "Билет құны бір миллион теңге": Қазақстандық студенттер шекарадан жаяу өтуде» - Пойыздар жүрмегендіктен, әуе компанияларына деген сұраныс артты. Әсіресе көршілес мемлекеттерге бару қиынға соғып отыр. Эконом-класс билеттері тез сатылып кеткендіктен, халық қымбат билеттерді алуға мәжбүр. Ал қалтасы көтермейтін студенттер шекарадан жаяу өтпек. Билет құнының қымбаттауы Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге қатты әсер етті.

«"Борат-2" фильмінің трейлері жарыққа шықты» - "Борат-2" фильмінің сюжеті бойынша, Қазақстандағы танымал журналист Борат Сағдиев тағы да АҚШ-қа барып, президенттік сайлау қарсаңында елдің саяси өмірін зерттеп, адамдардың ашуына тиіп, коронавирус пандемиясымен қуырғыш таба көмегімен күреседі және демократтардың қарсыластарымен байланысады.

«"Мені улаған Путин": Навальный комадан шыққанннан кейін алғашқы рет сұхбат берді» - Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный өзін улауға тапсырыс берген Ресей президенті Владимир Путин екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Шпигель" басылымына сілтеме жасап.

«Тәуекел Мүсілім: Мен енді кинода ұятсыз кадрларға түспеймін» - Мың сұлудың арманы болған Тәуекел Мүсілім кинодағы ұятсыз кадрларға түспейтінін мәлімдеді. Бұған жары Махаббаттың қатысы бар деп шулады көпшілік. Бұл туралы актердің өзі не дейді?

2 қазан 2020, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.