Атырау, 18 желтоқсан 14:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Миллионмен декретке" шығу расымен тиімді ме?". "Бұл Батысқа айбат шегу ме?". "Мәскеу АҚШ-ты қандай қателіктен сақтандырып отыр?". "Қазақты жолықтырғаның, бауырыңды кездестіргенің"​. "Коронавирус Паркинсон ауруын қоздыруы мүмкін". ​​

16 402 просмотра

AZATTYQ.ORG. - «Еуроодақ Беларусьпен қарым-қатынасын қайта қарайды» - Беларусьте президент сайлауы еркін әрі әділ өтпеді. Беларусь президенті Александр Лукашенконың "жасырын инауграциясынан" кейін Еуроодақ осылай деп мәлімдеп, сайлау нәтижесін мойындамайтынын қайталады. Осы тұста ЕО Беларусьпен қарым-қатынасын қайта қарастырады. Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррельдің мәлімдемесінде осылай деп айтылады.

«Айман Тұрсынхан: Мемлекет халықтың алдында техникалық дефолтқа ұшырады» - Экономист, Eximar форсайт агенттігінің директоры Айман Тұрсынхан Азаттыққа берген сұхбатында "реформа бойынша" жұмыс істейтін жаңа ведомстволар құру нені білдіретіні, оған кірген адамдарға қандай міндет жүктелетіні, биліктің қазақстандықтарға зейнетақы қорында жиналған ақшасын мерзімінен бұрын алуға рұқсат беруінің астарында не жатқаны, кедейлік деңгейі қалай өзгеретіні туралы ой бөлісіп, "Тағы бір девальвация бола ма?" және "Қазіргі дағдарыс қаншалықты ұзаққа созылуы мүмкін?" деген сұрақтарға жауап іздеп көрді.

«ASPI: Қытай Шыңжаңда лагерьлерді көбейтіп жатыр. Өлкеде 380 "орталық" бар» - Австралиялық зерттеушілер Қытайдың Шыңжаң өлкесінде лагерьлер саны артқанын анықтап отыр. Бұған дейін Пекин Шыңжаңдағы "тәрбиелеу орталықтарында" ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылмандар қалмады деген еді.

«Бұл Батысқа айбат шегу ме? Путин, Роухани мен Си Цзиньпин неге бірлескен әскери жаттығу өткізіп жатыр?» - Биыл қыркүйекте Ресей, Қытай және Иран құрлықта және теңізде бірнеше ауқымды әскери жаттығу өткізді.  Көп жағдайда бұл шаралар бірлескен формада, аталған үш мемлекеттің және әлемдік қауымдастық, бірінші кезекте Батыс күдікпен қарайтын Беларусь, Мьянма сияқты елдердің қатысуымен өтті.

SPUTNIKNEWS.KZ. «Мәскеу АҚШ-ты қандай қателіктен сақтандырып отыр?» - Ресей стратегиялық шабуыл қаруы туралы келісімнің (СШҚК-3) сақталуын қолдайды және АҚШ-ты оның мерзімін ұзартуға шақырады. Келіссөздер жаздан бері жалғасып келеді.

«БҰҰ-ға реформа жүргізілмек: бейбітшілікті сақтау үшін нені өзгертіп, нені қалдырған жөн?» - БҰҰ елдерінің көшбасшылары ұйымды жаңарту туралы ұйғарымға келді. Бас Ассамблеяның мерейтойлық отырысы кезінде оған қайта реформа жүргізу төңірегінде бірнеше ұсыныс айтылды. 

«Air Astana мен "ҚазМұнайГаз" 2022 жылы IPO-ға шығарылады» -  "Самұрық-Қазына" 2020 жылдың соңына дейінгі жекешелендіру бағдарламасының белсенді кезеңіне қайтып оралмақ. Ол уақытқа дейін "Қазақтелеком" акцияларының 10%-ін сату көзделіп отыр.

TENGRINEWS.KZ. «Қазақстанда кедейлік деңгейі өсті – сарапшылар» - 2020 жылдың екінші тоқсанында халық арасында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмендер үлесі 5,7 пайызға дейін көбейді (бір жыл бұрын - 4,3 пайыз болған), бұл 2011 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш. Бұл елдегі экономикалық белсенділіктің төмендеуі, сондай-ақ коронадағдарыстың жалпы теріс салдарынан болды. Еске салайық, 2020 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі жан басына шаққанда орта есеппен 32,6 мың теңге болды».

«Коронавирус Паркинсон ауруын қоздыруы мүмкін – зерттеу» - Австралия ғалымдары коронавирус Паркинсон ауруының дамуына түрткі болатынын анықтады. Жаңа зерттеу авторлары COVID-19 нейрондардың қабынуы мен неврологиялық аурулардың дамуына жағдай жасайтынын болжайды.

STAN.KZ. «"Қылмыстық іс қозғалуы мүмкін": Біртанов командасының ДСМ-нен кетуі нені білдіреді» - Жеті айдан астам уақыттан бері денсаулық сақтау министрлігі елдегі ең көп талқыланған ведомствоға айналды. Медицина саласындағы қызметкерлердің басы дауға қалды. Олжас Әбішев, Берік Шәріп, Айбатыр Жұмағұлов – бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Жақында вице-министр қызметінен Людмила Бюрабекованың босатылғаны белгілі болды, себептері әлі айтылған жоқ. Көпшілік экс-министр Елжан Біртановтың командасы мемлекеттік қызметтен толығымен кетеді деп сенеді.  

«"Қалың малдың ақшасын үш жылға дейін бөліп төлеуге болады" – Этнограф» - Қоғамда кейінгі кездері қалың малға қатысты түрлі өткір пікірлер айтылып, көптің талқысы көбейген. Бұл дәстүрді жақтайтындар мен даттайтындар да табылады. Қалың малға қатысты халық мен белсенділердің, этнографтардың пікірі қандай? 

«Қазақстанның көрікті жерлері: Біз жуырда ғана ашқан 5 керемет орын» - Қазақстан көрікті орындарға бай, оған әлеуметтік желілерде тұрғындар түсіріп, орналастырған суреттер де куә. Биыл карантинге байланысты отандық саяхатшылар еліміздің туристік әлеуетін бағалап, ең тартымды жерлеріне лап берді. 

«"Миллионмен декретке" шығу расымен тиімді ме? Маман кеңесі» - Қазір әлеуметтік желіде "миллионмен декретке" шығуды үйрететін түрлі марафондардан көз сүрінеді. Бәрі ақша табуды үйретеді, миллион табысқа жеткізеді. Ал соңғы тренд - декретке миллион теңгемен шығаруға көмектеседі. Бірақ, мұндай онлайн сабақтардың көздегені мүлдем басқа дейді қаржыгер мамандар. Олар керісінше жүкті қыз-келіншектердің өздерін тақырға отырғызады екен. 

«"Қазақты жолықтырғаның, бауырыңды кездестіргенің". Рамзан Қадыров Қазақстанды мақтады» - Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров қазақстандықтардың қолдауын жоғары бағалайды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтты.

25 қыркүйек 2020, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.