Атырау, 18 желтоқсан 14:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Каримованың халықтан тоналған байлығы тағы да жемқорлардың қалтасына түсуі мүмкін​". "«Үкіметтің айыбы»: Қазақстандағы эпидемия туралы дерек халықаралық ресурстарда неге әртүрлі?". ​"Мамайға биліктен жауап келді. Кредит кешіріле ме?".

15 775 просмотра

QAZAQTIMES.COM. "«Үкіметтің айыбы»: Қазақстандағы эпидемия туралы дерек халықаралық ресурстарда неге әртүрлі?" - Мемлекеттік басты ресурс www.coronavirus2020.kz сайты не ДенМин сайтында (соңғы рет 10 шілде жарияланған – QT) ағылшын тілінде ақпарат болмауының себебінен пандемия кейстерінің статистикасын жүргізетін халықаралық ұйымдар қате дерек жариялап отыр. Мәселен, Worldometers  және әлем халқы жүгінетін Джон Хопкинс университетінің есебінде Қазақстанда 106 984 кейс бары көрсетілген.

«Қытайдың Тайваньға соғыс ашу мүмкіндігі: АҚШ соғысқа араласа ала ма?» - АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі жыл сайын Сенат алдында Қытайдың қорғаныс қуаты туралы есеп беріп отыруға міндетті-тін. Жақында ғана Пентагон 2020 жылға арналған есепті жария етті. Онда Қытайдың қазіргі әскери техникалары, армиясының соғыс тәжірибесінен тартып нақты соғыс және қорғаныс қуаты туралы баяндалған.

AZATTYQ.ORG. «"Новичок" қалдықтары бар бөтелке Томск қонақ үйіндегі Навальныйдың бөлмесінен алынған» - "Новичок" әскери уының қалдықтары қалған бөтелке Томск қонақ үйіндегі Алексей Навальныйдың бөлмесінен алынған. Бұл туралы "Проект" басылымы және Навальныйдың Instagram-дағы блогы жазды. Осыған қарап ресейлік оппозициялық саясаткер әуежай немесе ұшақта емес, қонақ үйде уланды деп топшылауға болады. Бұған дейін "Тайга.инфо" басылымы қонақ үйдің аймақтағы жоғары лауазымды шенеуніктер мен күштік құрылым өкілдерімен тығыз байланыста екенін жазған.

«"Қытайға әкетуі мүмкін". Шыңжаңнан қашқан Қайша Ақан депортациядан қауіптенеді» - Қытайда "қайта тәрибелеу лагеріне" түсіп қалудан қорқып, Қазақстанға заңсыз қашып өткен этникалық қазақ Қайша Ақанның "пана іздеуші тұлға" куәлігінің мерзімі биыл 20 қарашада аяқталады. Заңды құжатсыз жұмысқа да тұра алмай, тегін медициналық көмек ала алмай жүрмін деген Қайша Ақан Қытайға депортациялану қаупі төніп тұр деп алаңдайды.

«Қырғыз парламенті сайлауының дүбірі Қазақстандағы мигранттарға да жетті» - Биыл 4 қазанда Орталық Азия елдері арасында демократияға бір табан жақын саналатын Қырғызстанда парламент сайлауы өтеді. Бір палаталы Жогорку кенештің 120 мандатына 16 партия таласпақ. Үгіт-насихат жұмыстары қызған тұста кей партиялар назарын шетелде жұмыс істеп жүрген отандастарына бұрды. Өйткені Қырғызстан халқының 11 пайызынан астамы шетелде жұмыс істеп жүр. Олардың еңбекке жарамды азаматтар екенін ескерсек, еңбек мигранттарының сайлаушылардың жалпы санына шаққандағы үлесі одан да көп болып шығады. 

ZAKON.KZ. «Каримованың халықтан тоналған байлығы тағы да жемқорлардың қалтасына түсуі мүмкін» - Белсенділер үндеуі жарияланбас бұрын Швейцария Гүлнара Каримованың банк есебіндегі 131 млн долларын Өзбекстанға қайтаратынын хабарлаған. Адам құқықтары жөніндегі өзбек-неміс форумы бастамасымен жазылған ашық хат 16 қыркүйекте Uzbekforum.org сайтында жарияланды. Белсенділер Өзбекстанға қайтарылған ақшаның жемқорлықпен күрес жөніндегі реформаларға аударылуын қалайды.

«Қазақстанда құрылыс бағасы арзандайды» - Құрылыс саласында-құрылыстың бастапқы құнын анықтау әдістемесі дайындалды. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті енгізген тетіктер есебінен арзандату жүргізіледі.

QAMSHY.KZ. «Мамайға биліктен жауап келді. Кредит кешіріле ме?» - Қоғам белсендісі, Демократиялық партия құру бойынша ынталы топ жетекшісі Жанболат Мамай мен оның жақтастары 4 тамызда бір реттік несие амнистиясын жариялау бастамасын қолдаған 100 мыңға тарта адамның қолын президент әкімшілігінің канцеляриясына өткізген. Белсенділердің бастамасына бүгін, 15 қыркүйекте қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен жауап келді.

«"Тілеухан әскери техниканы сатуға көмектесті" деген азамат мәлімдеме жасады» - "Шетелге әскери техника саттық, оған Бекболат Тілеуханның да қатысы бар" деген адам жаңа мәлімдеме жасап, Бекболат Тілеуханның есімін әлдекімдердің қысымымен атағанын жария етті. Жуырда журналист Тоқтар Жақаш Facebook парақшасында шетелге заңсыз қару сатып ұсталды делінген адамның видеосын жариялаған. Бейнежазбадағы азамат шетелге қару сатумен айналысатынын, өзінің бірнеше сыбайласы бар екенін айтты. Солардың арасына мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханды да қосқан.

NEGE.KZ. «Айыппұл арқалағандар: Мамин, Аймағамбетов, Тілеухан, Мұсабев...» - PROTENGE Телеграм каналы қызық дерек жариялады. Жалы күдірейген шенді-шекпенділердің дәп өздері ме, әлде толық аттас адамдар ма, әйтеуір аты-жөндерін оқығанда «оппа» дегізетін сойқан тізім шықты. Бұлардың өздері рөлде отырып ереже бұзды ма, әлде бәйбішелері «бүлдірді» ме, ол жағы аса маңызды емес. Маңыздысы – «аттастардың» айыппұлы мен оның көлемінде. Сонымен мемлекетке кімдер қарыз? Кеттік, ендеше...

«Елшіліктің жауабы: Қырғызстан Ресейге қосыла ма?» - Мәскеудегі Қырғыз елшілігінің баспасөз қызметі бұрынғы елші Райымқұл Аттокуровтың ресейлік порталға берген сұхбатында "Қырғызстан Ресейге қосылу мүмкіндігін талқылап жатыр" деген сөзіне түсініктеме берді.

«Түркия Қырғызстанға 100 мың доллар береді. Неге?» - Түркияның Қырғызстандағы елшілігінің хабарлауынша, Қырғызстан дауыс беруге арналған автоматты жәшіктер мен мониторлар үшін қаржылай көмек сұрады.

17 қыркүйек 2020, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.