Атырау, 14 қаңтар 11:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Карантиннің негізгі жеңілдетілуі маусым-шілдеде болады - министр

4 038 рет қаралды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың төртінші тоқсанында халық жұмысқа толық кірісе алатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бәрі коронавирус инфекциясы жағдайына байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Карантин шараларының негізгі жеңілдетілуі маусым-шілдеде болады деп ойлап отырмыз, осы жылдың төртінші тоқсанында халық жұмысқа толық кірісе алады. Жыл қорытындысы бойынша, жұмыссыз деңгейі 5,9 пайыз болуы мүмкін, ТЖ режиміне дейін ол 4,5 пайыз болған", - деді министр брифингте. 

Бұған дейін министр еңбек нарығындағы ахуал мен жұмыспен қамтуды қалпына келтіру карантиндік шараларды жеңілдету қарқынына және кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметін жалғастыру, сондай-ақ, экономиканы жандандыру шараларына байланысты болатынын атап өткен. 

"Жұмыспен қамтуды қалпына келтіру процесі күрделене түседі. Соған қарамастан, біз, әрине, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі деңгейінде болжамдар жасадық", - деді Нұрымбетов.

11 мамыр 2020, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.