Атырау, 23 желтоқсан 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ойын-сауық орталықтары мен мейрамханалар әзір ашылмайды

4 155 рет қаралды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов ойын-сауық орталықтарының қашан ашылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түліктен бөлек дүкендердің, сұлулық салондарының және балаларды дамыту орталықтарының ашылатынын мәлімдеді. Тұрғындардың саябақтар мен скверлерде серуендеуіне рұқсат беріледі. Парк жанындағы көңіл көтеру жұмыстарына шектеу қойылады», - деп түсіндірді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте. 

Сонымен бірге, Е. Тоғжанов ойын-сауық орталықтарының жұмысын жандандыру бойынша көп сұрақ келіп түскенін айтты. 

«Бұл кезеңде ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалар мен қонақ үйлердің жұмысы іске қосылмайтынын мәлімдеймін. Бұл мәселе сәл кейінірек өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қарастырылады», - деді Е. Тоғжанов. 

Оның айтуынша, елдегі КВИ жұқтырғандар үлесін 2 пайызға дейін азайтқанда ғана, ойын-сауық орталықтарын ашуға мүмкіндік бар.

11 мамыр 2020, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.