Атырау, 14 қаңтар 11:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Балабақшалар ашылады – үкімет түсініктеме берді

5 177 рет қаралды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қандай нысандардың ашылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгіннен бастап 2 000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер, сұлулық салондары мен балаларды дамыту орталықтары ашылады. Саябақта қыдыруға болады. Ал сол жерде ойын-сауық қызметтерін әзірше ашуға рұқсат жоқ", – деді Тоғжанов бүгінгі онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекшілік топтары ашылады. Бірақ барлық санитарлық норма сақталуы шарт.

"Қазіргі кезде ірі сауда орталықтарына қатысты сұрақтар көптеп түсуде. Әзірше, ондай нысандар ашылмайды. Бұл мәселе әрбір аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қарай бөлек-бөлек қарастырылады. Көпшілік шараларға тыйым салынған", – деп атап көрсетті Тоғжанов.

11 мамыр 2020, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.