Атырау, 26 ақпан 07:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54

Қазақстанда соңғы қоңыраудың қалай өтетіні белгілі болды

3 737 рет қаралды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов соңғы қоңыраудың қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқу жылының соңына дейін 3,3 миллион оқушы мен 1 миллион студентке қашықтан білім беру жұмысы жалғасады. Аттестатты тапсыру және соңғы қоңырау мектептерде 3-4 маусымда ашық кеңістікте өтеді. Адамдардың саны шектеулі, ал санитарлық нормалар қатаң сақталады", – деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде 20 маусымда басталады. Респбулика бойынша 168 тест тапсыру пункті болады. Ол жерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталады.

Еске сала кетейік, осы кезге дейін білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова соңғы қоңырау шарасын өткізуге қатысты пікір білдірген. Ол БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында: "егер жағдай өзгермесе, соңғы қоңырау болмайды", – деп мәлімдеген.

Дереккөз: sputniknews.kz

11 мамыр 2020, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.