Атырау, 26 сәуір 09:06
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

3 проценттік қолжетімді кредит: Президент жаңа қор құруды ұсынды

3 636 просмотра

Перзидент Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіпті дамыту қорын құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері аясында жиналатын қаржының есебінен өнеркәсіпті дамыту қорын құруға болады. Оның жұмысы өңдеуші кәсіпорындарға 3 процентпен қолжетімді кредит беруге бағытталатын болады", – деді Тоқаев төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы отырысында.

Бұдан бөлек, президент экономиканы кредиттеу бойынша банктердің мүмкіндігін уақытша кеңейту шараларын қарастыруды тапсырды. Әсіресе, микро және шағын кәсіпкерлік нысандарға ерекше көңіл бөлген жөн. Себебі, олар банктердің қазіргі қызметін көп пайдалана алмай отыр.

"Осыған байланысты "Бизнестің жол картасы" аясында шағын бизнес үшін арнайы шараларды қарастыруға тапсырма беремін. Үкімет мен Атамекен осы бағытты қаржыландыру көлемін анықтауы қажет", – деп атап көрсетті Тоқаев.

Сондай-ақ, кредит төлемдері кейінге шегерілген салалардың тізімі де кеңейеді. Оған сауда, өңдеу өнеркәсібі, көлік пен қоймалау, тамақтану, ақпарат және байланыс, білім мен денсаулық сақтау кіретін болады.

Дереккөз: sputniknews.kz

11 мамыр 2020, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.