Атырау, 29 наурыз 09:51
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

11 мамырдан бастап Қазақстанда карантин ережелері қалай өзгереді? Бас санитар дәрігердің қаулысы

3 668 просмотра

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс әкімдеріне, денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына шетелден Қазақстанға келген барлық адамды екі күнге дейін карантиндік ауруханада оқшаулануын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік делегациясын қоспағанда, Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ЕАЭО мен Өзбекстан аумағынан келген адамдар да екі күнге дейін карантиндік ауруханада жатуы тиіс.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдері төмендегі талапты қамтасыз етуі тиіс:

- ойын-сауық, спорттық және басқа қоғамдық шараларға, отбасылық, еске алу іс-шараларына тыйым салынады;

- сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көп адам жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салынады;

- діни обьектілердің қызметіне тыйым салынады;

- әскерге шақырылған азаматтар әскери бөлімдерге келгеннен кейін ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеуінен өтуі тиіс;- қоғамдық орындар, өндірістік аумақтары, әуежайлар, тұрмыстық ойын алаңдарда санитарлық және дезинфекция жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.

11 мамыр 2020, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.