Атырау, 19 сәуір 11:57
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Әкімдік 11 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетілетіні туралы хабарламаны жоққа шығарды

6 183 просмотра

Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері Желіде тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді. Жарияланға хабарламада карантин шараларының кезең-кезеңмен жеңілдетіні айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"11 мамыр мен 15 маусым аралығында жұмысы қайта басталатын мекемелер туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз. Барлық жаңалықтар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, ал мемлекеттік комиссияның шешімі премьер-министрдің сайтында жарияланады", - деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Жарияланған құжатта 11 мамырдан бастап азық-түлік базарларының, мәдениет және спорт нысандарының қызметін бастайтыны айтылған, ал 25 мамырдан бастап балабақшалар, бизнес-орталықтар мен кеңселердің ашылатыны айтылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 мамыр 2020, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.