Атырау, 23 желтоқсан 08:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мәңгілік алауға жібермеген: Алматы әкімдігі ардагерден кешірім сұрады

Бейнежазба
3 383 рет қаралды

Алматы әкімдігінің өкілдері ардагерден үйіне барып кешірім сұрады.

Мемориал 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан. Алайда Қазақстанда карантинге байланысты саябақтар жабық болғандықтан, гүл шоқтарын қоюға келген ардагерді Мәңгілік алауға жібермеген.

Қария бос саябаққа кіргізетін шығар деп үміттенсе де, полиция қызметкерлері міз бақпады.

Видео әлеуметтік желілерде кең тарап, резонанс туғызды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мәңгілік алауға жібермеген: Алматы әкімдігі ардагерден кешірім сұрады Мемориал 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан. Алайда Қазақстанда карантинге байланысты саябақтар жабық болғандықтан, гүл шоқтарын қоюға келген ардагерді Мәңгілік алауға жібермеген. Қария бос саябаққа кіргізетін шығар деп үміттенсе де, полиция қызметкерлері міз бақпады. Видео әлеуметтік желілерде кең тарап, резонанс туғызды. Кейінірек әкімдік өкілдері ардагердің үйіне келіп, кешірім сұрады. Содан соң қарияны мемориалға апарды. "Кінәліміз әрине, басымызды иіп кешірім сұраймыз. Бұл коронавирусқа байланысты енгізілген карантинмен байланысты", - деді Алматы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков. Кешірім сұраған видеоны Алматы әкімінің баспасөз қызметі таратты. @sputniknewskz

Публикация от Ақ Жайық газетінің парақшасы (@azh.news)


Кейінірек әкімдік өкілдері ардагердің үйіне келіп, кешірім сұрады. Содан соң қарияны мемориалға апарды.

"Кінәліміз әрине, басымызды иіп кешірім сұраймыз. Бұл коронавирусқа байланысты енгізілген карантинмен байланысты", - деді Алматы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

Кешірім сұраған видеоны Алматы әкімінің баспасөз қызметі таратты.

Дереккөз: sputniknews.kz

10 мамыр 2020, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.