Атырау, 27 сәуір 07:15
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

2 887 просмотра

Алматы тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.

Жерасты дүмпулері 9 мамырда жергілікті уақытпен 21 сағат 36 минутта тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан 291 шақырымда болған.

Тереңдігі – 5 шақырым. Магнитудасы - 4,9.

Алматы ТЖД мәліметінше, қалада жағдай тұрақты, тұрғындардан құтқару қызметіне қоңырау келіп түскен жоқ.

10 мамыр сағат түнгі 02:11-де тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қытай аумағында Алматыдан оңтүстікке қарай 298 шақырымда орналасқан.

Магнитудасы MPV 4.3. Тереңдігі 15 шақырым.

Жер сілкінісі сезілген жоқ.

Таңғы жетіде үшінші жер сілкінісі тіркелді. Бұл жолы оның эпицентрі – Қытай аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 613 шақырымда.

Магнитудасы MPV 4.2. Тереңдігі 5 шақырым.

Жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы мәліметтер жоқ.

Дереккөз: sputniknews.kz

10 мамыр 2020, 08:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.