Атырау, 24 сәуір 03:58
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ақтау гипермаркеттерінде Жеңістің 75 жылдығы құрметіне флешмоб өтті

3 096 просмотра

Ақтау қаласының бір топ белсендісі Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне флешмоб ұйымдастырды. Жастар қаланың гипермаркеттерінде әскери жылдардағы әндерді шырқады.

Флешмоб ұйымдастырушыларының басты мақсаты коронавирусқа байланысты шектеу шараларына қарамастан 9 мамыр күні қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау болды, деп хабарлайды lada.kz.

"Біз әскери жылдардағы композицияларды орындадық. Ол әндерді бәрі бала кезінен жатқа біледі. Осы әндер шырқалған сайын бойыңды ерекше патриоттық сезім билейді. Бүгінгі ұрпақ та ардагерлеріміздің өшпес ерлігін ұмытпай, тарихты біліп, өткенге құрмет көрсеткенін қалаймыз", - деді акция ұйымдастырушылары.

Акцияға куә болған қала тұрғындары қоғам белсенділерінің бастамасын қуана қолдап, "Смуглянка" және "Жеңіс күні" әндерін бірге шырқады.

Дереккөз: sputniknews.kz

9 мамыр 2020, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.