Атырау, 29 наурыз 17:13
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс күнімен құттықтады

3 553 просмотра

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жеңістің 75 жылдығымен құттықтауы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

9 Мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн.

Бұл күні біз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметпен еске аламыз. Майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым етеміз.

Бұл ­– нағыз батылдықтың, әскери даңқ пен патриотизмнің мерекесі. Баршаңызға белгілі, жеңіс бізге оңайға түскен жоқ. Келер ұрпақтың бақытты әрі берекелі ғұмыры үшін миллиондаған адам фашизмді жеңу жолында жанын пида етті. Ортақ іске Қазақстанның қосқан үлесі зор.

Еліміздің әрбір бесінші тұрғыны майданға аттанды. Олардың көбі соғыс даласынан оралған жоқ. Қазақстандықтар ерен ерлік пен бекем бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Жаужүрек аталарымыз Брест қамалын, Мәскеуді, Ленинградты қорғауға барын салып, Сталинград, Курск шайқастарында, жау басып алған аумақтарды азат етуде жанқиярлықпен соғысты. Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды", - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында.

Дереккөз: Tengrinews.kz. 

8 мамыр 2020, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.