Атырау, 26 сәуір 16:48
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылды

2 906 просмотра

Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Консорциумда TAV Airports үлесі 75 пайыздан кем емес, ал акция барлық заң процедуралары аяқталғаннан кейін беріледі.

Алматы әуежайы TAV Airports Holding портфолесінде 15-інші болып тұр.

"Қазақстан - аймақта географиялық және экономикалық жағынан ірі ел. Ал Алматы - елдің ірі қаласы, ЖІӨ 20 пайызы Алматыдан түседі. Сонымен қатар, бұл - Қытай, Еуропа және Африканы қосатын "заманауи Жібек жолының" орталығы. Потенциалы жоғары және біз өз білімімізге сүйене отырып, оны толық іске асыру үшін жұмыс істейміз", - деді холдинг президенті және бас директоры Сани Шенер.

Дереккөз: Tengrinews.kz
8 мамыр 2020, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.