Түркістан облысында су басып қалған Мақтаарал ауданындағы ауылдардың тұрғындарына Болат Өтемұратов қорының есебінен 150 жаңа үй салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өтемұратовтың қорынан жаңа үйлердің құрылысына 6 миллион доллар (2,5 миллиард теңге) бөлініп отыр. Ал жаңа үйлер Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакентте салынады. Бұл туралы бизнесмен, меценат Болат Өтемұратов хабарлады.
Сөйтіп, жаңа ықшамаудан бой көтереді. Оған үйлерін су басып қалған Достық, Жаңатұрмыс мен Жеңіс ауылдарының тұрғындары көшіріледі. Жаңа ауданда балабақшалар мен мектептер де салынады.
Айта кетсек, бұған дейін ұлты өзбек ресейлік миллиардер Әлішер Османов Мақтаарал ауданы тұрғындарына5 миллион доллар аударғаны хабарланған еді.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан