Атырау, 28 наурыз 18:36
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ұлттық банк шетел валютасын саудалауға қатысты талап мерзімін ұзартты

3 069 просмотра

Қазақстан Ұлттық банкі қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің қолданылу мерзімін 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы шешiм қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бұл шаралар айырбастау пункттеріндегі валюталарды сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуға қарсы және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалы жағдайға байланысты қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған.

Шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері: 1) АҚШ доллары – 6 теңге; 2) еуро - 7 теңге деңгейінде белгіленді. Қабылданған шектеулер қолма-қол ақшасыз өткізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды. Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық банкінің интернет ресурсында танысуға болады»,– деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы 19 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі айырбастау пункттері арқылы өткізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін елде төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытына орнатқан болатын.


Дереккөз: inform.kz

8 мамыр 2020, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.