Атырау, 14 қаңтар 09:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Павлодарда коронавирустан көз жұмған ер адам өлімінің мән-жайы белгілі болды

3 968 рет қаралды

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған науқас туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

COVID-19 сәуір айының 23-і күні Павлодар қаласының 57 жастағы тұрғынынан табылды. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылған. 

"Ер адам ауруханаға түскен кезде бронхит диагнозы қойылды. Науқастың жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланды. Пациент 2-типті қант диабетімен есепте тұрған", - делінген хабарламада. 

26 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты ер адам инфекциялық госпитальдің реанимациялық бөліміне ауыстырылды.

29 сәуірде науқастың тыныс алуы нашарлап, ол аппаратқа қосылған. 

2 мамырда ер адамның жағдайы күрт нашарлады. Павлодарға Нұр-Сұлтан қаласынан кардиохирург шақырылды.

"Реанимациядан кейін емделушіде жүрек-тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі өршiдi. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан пациенттің жағдайы нашарлады. Емдеу денсаулық сақтау министрлігінің диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді", - деп хабарлады басқармадағылар. 

Ер адам 6 мамыр сағат 20:40-та көз жұмды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

8 мамыр 2020, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.