Атырау, 16 қаңтар 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Әлия Рақышева Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

5 140 просмотра

Әлия Рақышева Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Сенат Аппаратының Басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әлия Рақышева 1980 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында басшылық лауазымдарда болды. 2013 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

6 мамыр 2020, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.