Атырау, 29 наурыз 03:03
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Денсаулық сақтау министрлігі тойханаларды ашуға қатысты түсініктеме берді

7 171 просмотра

Денсаулық сақтау министрлігі мейрамханалар мен дәмханаларды жақын арада ашуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, әзірге оған қатты сұраныс болмайды.  

"Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайға қарауымыз қажет, барлығы соған байланысты. Жақын арада мейрамханалар мен дәмханаларды ашуға рұқсат беру жоспарланып отырған жоқ", - деді Сұлтанғазиев бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, инфекцияның таралуы біршама тежелген. Сәуір айында науқастардың күнделікті өсімі 15-16 процент болса, соңғы екі аптада 7 проценттен аспапты. 

"Ал соңғы үш күннің ішінде ол көрсеткіш 4 проценттен асқан жоқ. Негізі карантин шараларын жеңілдету мәселесін үкімет пен бас санитар дәрігер қадағалайды. Карантинді жеңілдетуге алғышарттар бар. Дегенмен оны толығымен алып тастау үшін нақты талаптар орындалуы қажеттігін ұмытпау керек. Соның бәрін қатаң сақтасақ, карантиннен тез шығамыз", - деп түйіндеді Сұлтанғазиев.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

6 мамыр 2020, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.