Атырау, 14 қаңтар 07:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 30-ға жетті

3 525 рет қаралды

Қазақстанда коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі өткізген онлайн брифингте айтылды.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 30-ға жеткенін айтты.

Сондай-ақ, алты адамның жағдайы ауыр екені белгілі болды. "Оның жартысы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалаларында. Бүгінде 1279 науқас жазылып, үйіне жіберілді. Стационарда 2897 сырқат емделіп жатыр. Олардың 85 пайызы қалыпты, 14 пайызы орташа қалыпты жағдайда және 25 науқастың жағдайы ауыр. Ал 6 науқас өте ауыр жағдайда. Оның ішінде 7 сырқат жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді Сұлтанғазиев.

Дереккөз: Tengrinews.kz  

6 мамыр 2020, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.