Түркістанда коронавирус туралы ақпараттың орнына мүлдем басқа дыбыстық дабыл бергендер жазаланады. Қала әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрады.
"Қаланың 32 жерінде орналасқан дыбыстық дабыл арқылы "әуе дабылы" беріліп, халық арасында түсініспеушілік болды. Қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз", - деп жазылған ақпаратта.
Аталған дыбыстық дабылдан күнделікті коронавирус індетінің алдын алу және орындайтын талаптар бойынша ақпарат айтылатын. Техникалық ақауға байланысты мүлдем басқа дабыл қосылғаны айтылып отыр. Әкімдік кінәлі тұлғалар анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.
Дереккөз: sputniknews.kz