Атырау, 19 сәуір 20:11
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жанармай, полигон және боқ су

Бейнежазба
6 659 просмотра

5 мыңнан астам халқы бар Есбол ауылы Индер ауданындағы орталықтан кейінгі ең ірі елді мекен болып саналады. Ауыл тұрғындары қоқыс алаңы қараусыз қалғанын айтып, дабыл қағуда.

Ауылдағы қоқыс алаңы «Атырау-Орал» трассасына  200 метр жерде тым жақын орналасқан. Алаң қоршалмаған, қоқыс әр жерде шашылып жатыр.

-Оның үстіне канализацияның боқ суын машинамен полигонға  әкеліп төгіп жатыр. Қазір ол кішігірім көлшікке айналды, - дейді ауыл тұрғындары. – Алаң қоршалмағандықтан осы лас суды мал ішіп жатыр, сосын ауру болады. Жергілікті әкім бұған неге бей-жай қарап отыр?  

Бұл жағдай туралы Есбол ауылы әкімі Абзал РАМАЗАНОВҚА хабарласқанбыз.

-Канализацияның қалдық суын округ балансысындағы ваккуммен тасып отырмыз. Негізі Индербор кентіндегі арнайы орынға жеткізуіміз керек, бірақ жанармай шығынын азайту үшін іргедегі қоқыс алаңына төгіп отырғанымызды мойындаймын, - дейді А. Рамазанов.

-Қоқыс алаңы қашан қоршалады?

-Мен  жақында ғана аудан әкіміне кіріп шығып, қаржы мәселесін шешіп беруді өтіндім. Қоқыс алаңын қоршауға 22 млн теңге қаражат керек.  Егер ақша бөлінбесе, онда осы күйінде тұратын болады. Мен басқа не істей аламын?

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор   

5 мамыр 2020, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.