Атырау, 16 қаңтар 21:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Қазақстан Президенті Өзбекстан үкіметімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты

2 793 просмотра

Түркістан облысының 10 ауылын су басты, 22 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды, деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан үкіметімен келіссөздер жүргізілуде", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін 3,6 мың гектардан астам егістік алқабын су басқаны хабарланған болатын. Алдын ала болжам бойынша 404 миллион теңне шығын келген.

Жеті елді мекеннен 3 115 бас ірі қара, 1 101 жылқы, 585 қой мен 34 түйе эвакуацияланған.

Еске сала кетсек, 1 мамыр таңғы сағат 05:10-да Сардоба су қоймасы бөгетінің төменгі бөлігі шайылып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба ауданының аумағында су жайылған.

Негізгі су ағынын азайту үшін өзбек тарапы суару каналдары желісіне шлюзді ашты.

Осыдан соң Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара коллекторлары толып кетті, бұл судың каналдан шығып, елді мекендерді басып қалуына әкеп соқтырды.

Мақтаарал ауданында шұғыл штаб құрылып, техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

4 мамыр 2020, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.