Атырау, 16 қаңтар 21:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді

3 445 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді. 

Мемлекет басшысы қол қойған құжатты Ақорда сайты жариялады.

"Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне, ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын", - деп жазылған жарлықа.

2020 жылдың ақпанында мемлекет басшысы әскери қызметке шақыру мерзімі наурыз-маусым айлары аралығында болатыны туралы жарлыққа қол қойды. Күзде әскери қызметке шақыру мерзімі өзгеріссіз қалды.

Еске сала кетсек, 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Осыған байланысты әскери қызметке шақыру және 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылды.

Дереккөз: sputniknews.kz 

4 мамыр 2020, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.